
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, денсаулығына байланысты жүкті бола алмайтын екі әйел шаранасын сататын адам іздеген. Жүкті болып қалған қыздарды тапқаннан соң, оны баласын сатуға үгіттеп, көндірген. Сөйтіп бауыр еті баласын бірі − 250 мың теңгеге, екіншісі 150 мың теңгеге бағалаған.
Жаңа туған баланы алу үшін айыпталушылар жүкті қыздарды Өзбекстанға алып барған. Көрші елде жаңадан туған балаларды өз аттарына өткізіп, құжаттарын рәсімдеген. Бірақ Қазақстанға келгеннен соң туу туралы куәлігін алатын уақытта олардың қулығы әшкере болады.
Қазіргі уақытты бұл оқиға бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүруде.
Дереккөз: bnews.kz
3 наурыз 2014, 09:06