«Біз мамыр айына дейін компанияны тіркеп, оператор тартуымыз қажет. Ал жыл соңына дейін ұшақтар сатып алуымыз керек. Келесі жылдың басынан әуе компаниясы ашылады деп отырмыз», - деді Ө.Шөкеев.
Оның айтуынша, бүгінде әуе компанияларының қауіпсіздік талаптары күшейтіліп отыр.
«Сондықтан елімізде бұл салада монополия болмауы қажет. Сондықтан Президент тапсырмасы бойынша біз екінші отандық әуе компаниясын ашуды ұйғардық. «Бомбардьер» компаниясымен әріптестік келісімін жасадық, 10 ұшақ жеткізіледі. Олар облысаралық әуе желілеріне тартылады. Екі әуе компаниясы әріптестік қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Біз екеуінде де акционерміз, олардың мүдделерін үйлестіруге тырысамыз. Сөйтсе де, біз бұл салада бәсекелестік болуы тиіс деп есептейміз», - деді басқарма төрағасы.
Дереккөз: bnews.kz