Атырау, 17 қараша 20:14
 бұлттыВ Атырау +1
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

Отандық компаниялардың рейтингі жарияланды

1 922 просмотра

АСТАНА. 27 ақпан. BAQ.KZ – Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ның брифингінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев отандық компаниялардың рейтингі туралы деректерді мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Жүк тасымалы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлемнің ең ірі темір жол компанияларының арасында 11-орын алады. Жиынтық табыс бойынша аталмыш компания 15-орында. Ал жүк тасымалы мен жолаушылар тасымалы бойынша 5-орын алады. Еңбек өнімділігі бойынша ҚТЖ 7-орынға ие.

Эйр Астана үлесінде 4 жұлдыздық рейтинг және «Орта Азия мен Үнді субконтинентінің үздік әуе компаниясы» атағы бар. Осымен үшінші рет Эйр Астана қаржы көрсеткіштері бойынша әлемнің үздік 50 компаниясы тізіміне ілікті.
The Energy Intelligence талдамалық агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2012 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ әлемнің ірі мұнай-газ компанияларының жүздігінде 33-орын алды.
«Самұрық-Энерго» АҚ өндірістік және қаржылық көрсеткіштерін қазақстандық және еуропалық компаниялармен салыстыра талдау нәтижесі инновациялық даму және өндірістік қызмет тиімділігін көтеру қажеттілігін байқатты.
«Қазахстан инжиниринг» ҰК» АҚ еңбек өнімділігінің өсіміне қарамастан, компаниядағы осы көрсеткіш Италия мен Франция елдерінен төмен, бірақ Ресейдегіден жоғары», - деді Ө.Шөккев.
Төрағаның айтуынша, мұндай рейтингте қызмет ету үшін Қор мен оның компанияларына әлемдегі жетекші компаниялардың тәжірибесін қолданып, операциялық тиімділікке, капиталды тиімді пайдалануға қол жеткізу қажет.

Дереккөз: baq.kz

 

27 ақпан 2014, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.