Науқас қазір Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.Жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Нұрлан Әбішевтің сөзіне қарағанда, денесінің 95 пайызы күйген пациент хал үстінде. Сондықтан дәрігерлер оның денсаулығына қатысты ешқандай болжам жасай алмай отыр.
Жанель Ахметованың анасы «қызымды өртеп өлтірмек болды» деп күйеу баласын кінәлайды. Оның сөзіне қарағанда, күйеу баласы қызының үстіне бензин құйып, сіріңке тұтатқаннан кейін моншаға қамап, есігін сыртынан бекітіп қойған.
Ерлі-зайыптылардың 6 баласы бар екен. Ең кішісі қазір 9 айлық. Балалардың нағашы әжесі Гүлсара «Қызым есін біледі. Бірақ, маскүнем күйеуі үнемі соққыға жығатындықтан қатты қорқып қалған. Өзін өртемек болғанын да айта алмай жатыр», - дейді зардап шеккен қыздың анасы.
Қазір осы оқиғаға баланысты тәртіп сақшылары тексерулерін бастады.
Дереккөз: bnews.kz