Атырау, 24 қараша 21:52
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Экс-әкімнің ісі. Асқар Керімов пен оның қорғаушысының демаршы

6 742 просмотра

26 ақпан күні сот отырысында Асқар КЕРІМОВТЫҢ қорғаушысы Абзал ҚҰСПАН тосыннан сотқа тез арада бас прокуратураға «Қаржы полициясы Агенттігі тергеу тобының қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілікке тартылу мәселесіне қатысты тергеуге дейінгі тексеру туралы» ресми хат жіберу туралы өтініш білдірді. Сонымен бірге ол қаржы полициясы қызметкерлерін Керімовтің ұялы телефонының жоғалғанына және олардың сол телефонды жеке мақсаттарына қолданғанына кінәлі санайды.

Тергеу тобының тергеушісі АСАНБАЕВ жеке тінту барысында тәркілеген  заттай айғақ (дәлірек айтқанда, 2012 жылы 24 қыркүйекте Керімовті тұтқындаған кезде есебінде 100 мың теңгеге дейін қаражаты бар «Нокиа» маркалы телефон) тиісті тәртіппен ресімделгенмен, кейін жоғалып кеткен. «Телефон тергеуші мен А. Керімовтің қолы қойылған және анықтамалық биркасы бар полиэтиленді пакетке оралды» делінген өтініште. Қорғаушының айтуынша, ұялы телефон дәлел ретінде іске тіркелмеген әрі иесіне сақтау қолхаты негізінде де қайтарылмаған. Құспанның телефонды тәркіленіп алған соң қаржы полициясы қызметкерлері оны жеке мақсаттарына қолданылған деп ойлауға негізі жоқ емес.

- Қылмыстық істе тіркелген деректер бойынша (№126 том) Керімовтің абоненттік нөмірі арқылы телефон тәркіленген соң жарты жылдай уақыт ішінде 26 шығыс қоңырауы мен 21 кіріс қоңырауы орындалған, олардың жалпы ұзақтығы – 388 минут,- деді Құспан. – Қаржы полициясы қызметкерлерінің іске немқұрайлы қарағандары және лауазымдарын теріс пайдаланғандары Керімовтің телефонын өз мақсаттарына пайдаланғандарынан және кейін оны жоғалтқандарынан көрініп тұр.  

Бұл бас прокуратураға жүгінудің жалғыз және негізгі себебі емес. Айыпталушы Керімов сотАсқар КЕРІМОВТЫҢ адвокаты Абзал ҚҰСПАН. Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ.Асқар КЕРІМОВТЫҢ адвокаты Абзал ҚҰСПАН. Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ. процесінің алғашқы күнінен бастап іс материалдарына тігілген бір құжатқа жазуды танып айырудың кешенді сараптамасын жүргізу туралы өтініш білдірген. Керімов дәл осы құжаттың негізінде айып тағылғанын және өзінің қылмыстық қудалауға ұшырағанын айтып сендіреді (Керімовке Атырау облысы әкімі аппаратының жетекшісі қызметінде отырған кезінде мемлекеттік орган басшыларына бірнеше ірі мемлекеттік нысандарды жекешелендіру тапсырмасын берген деген айып тағылған). Әңгіме оның қолы қойылған, қаржы полициясы басқармасының басшысы Бауыржан ЖАНТЕМІРОВКЕ жазған «Атырау-Ақпарат КМК ғимаратын сатуға шығару үшін құжаттарын дайындау тапсырмасы туралы» 2010 жылғы 16 тамыздағы № 01-07/326 ресми хат туралы болып отыр. 23 қаңтардағы соттың бірінші отырысында Керімов қойылған қолдың шынайылығына сараптама жүргізу өтінішімен шыққан және сараптаманы Атырауда өткізбеу оның басты шарты болған. Сот өтінішті сот тергеуінің соңына дейін ашық күйінде қалдырды.

- Бірақ біз бүгінгі күні, дәлірек айтсақ, 20 ақпанда қылмыстық іс түпнұсқасынан осы хаттың жоғалып кеткенін біліп, қаржы полициясы қызметкерлері тарапының бұрмалауға жол берген және немқұрайлылық танытқан таңқалдырар фактісіне көз жеткіздік, - деді Құспан. - №5 томның тізімінде істің 59-беті бар, ал шын мәнінде ол жоқ. Ал көшірмеге сараптама жүргізілмейді.

Керімов бұл құжаттың дұрыстығын мойындамайды және оны жазбағанын айтады. Қорғаушы мен оның қорғалушысының айтуларынша, қазір істе (көшірмеде) күні мен шығыс нөмірі бірдей, бірақ мазмұны әртүрлі, екі хат жүр және олардың біреуі, бұлардың айтуларынша, қолдан жазылған.

Осы айтқандарының негізінде олар Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Гүлнәр ДӘУЛЕТОВАҒА (процеске төрағалық етуші) бас прокуратураға сәйкесінше ресми хат жолдау өтінішін білдірді. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

27 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.