Фото: www.profi-forex.orgДевальвация бензин бағасына ақыры әсер етті. Әсіресе, Ресейден тасымалданатын жанармайға. Сондықтан көрші елден жеткізілетін мұнай өнімдері әжептәуір шектелмек.
Бұл өз кезегінде, бензин тапшылығын тудыруы ықтимал. Себебі негізгі сұранысқа ие жанармайдың 40 пайызы Қазақстанға Ресейден жеткізіледі. Ал еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары жөндеуге байланысты толық қуатына көшкен жоқ. Одан қалды ішкі нарық импортқа тәуелділіктен әлі арылмады. Бұл жағдай бензин бағасының көтерілуіне де соқтыруы мүмкін. Оның үстіне көп үміт күтілген «Қашаған» жобасы апатқа байланысты әлі тоқтап тұр.
Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасы:
- Қашағанға қаржының құйылуының кемі жоқ. Алайда қайтырымы жоқ. «Қазмұнайгаз» бен мердігер компаниялар үшін бұл үлкен шығын. Оның үстіне мұнай өндірудің уақыты әлі нақтыланбай отыр.
Дереккөз: ktk.kz