Атырау, 24 қараша 22:05
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

БҚО-да пациенттің өлімі салдарынан дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

2 783 просмотра

АСТАНА, 26 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы прокуратурасы пациенттің өлімінен дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

«Аудан прокуратурасының талабы бойынша ҚР ДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментімен тексеріс жүргізілді, оның барысында 10.06.2013 жылы Н.Крецтің өгей әкесі  Н.Полещуктің аяғы ауырып, ауылдық дәрігерлік амбулаторияда терапевт дәрігердің қабылдауында  болғандығы анықталды, қорытындылар бойынша  ол «аяқ тамырларының созылмалы атеросклерозы, құрғақ гангрена» болжамды диагнозбен БОАА-на хирургке кеңес алуға жолданған»,-делінген хабарламада.

2013 жылы екінші шілдеде қаралушы БОАА-мен хирургтің қабылдауында болып, «оң жақ табан 1 саусағының құрғақ гангренасы» диагнозы қойылып,  ол жоспарлы түрде стационарлық емделуге жіберілген. 2013  жылы 25 шілдеде ауылдық дәрігерлік амбулаторияның дәрігер-терапевтісі сырқаттың аяғын үйінде тексеріп, «аяқ тамырларының созылмалы атеросклерозы, оң жақ табан 1 саусағының гангренасы» диагнозын қойған, консервативті ем тағайындаған. 2013 жылы 16 тамызда ол жоспарлы түрде БОАА-на түсіп, дәрігер-терапевтінің қабылдауында болады. 2013 жылы 24 тамызда қаралушы  амбулаторлық емдеуге шығарылады, 2013 жылы 26 тамызда дәрігер-терапевтімен пациенттің өлімі анықталады.

Осындай жағдайларда БОАА лауазымдық тұлғаларымен өзінің кәсіби  міндеттерін тиісті түрде орындамағаны, атап айтқанда БОАА басшылығы тарапынан  хирургиялық бөлімше дәрігерлерінің өзінің міндеттерін орындауда бақылаудың болмауы,  сан деңгейіндегі аяқ мүшесін кесу операциясын уақытылы  жасамағаны, диагностика мен емдеу хаттамаларының бұзылуы Н.Полещуктің өліміне әкеліп соқтырды деп есептейді.   

«Бөрлі ауданы прокуратурасымен «Бөрлі орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі - БОАА)  лауазымдық тұлғаларына қатысты Н.Крецтің арызын қарау нәтижелері негізінде ҚР ҚК 114-бабының 4-бөлімімен қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-деп қорытындыланды ведомстводан.

Дереккөз: newskaz.kz

26 ақпан 2014, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.