Атырау, 24 қараша 21:39
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Парламент екінші деңгейлі банктерді қайта ұйымдастыруға бағытталған заңды қабылдады

1 475 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір занамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктерді қайта ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Мәжіліс мақұлдаған осы құжатқа Сенат тарапынан бірқатар түзету енгізілген болатын.

Заң жобасы негізінен өздеріне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген екінші деңгейдегі банктерді қайта ұйымдастыру және олардың акцияларын иеліктен шығару мәселесін жетілдіруге бағытталады.

Бұл ретте қосылу түріндегі қайта ұйымдастыру кезінде басқа банк акцияларын сатып алуға шектеуді алып тастау, банктік, холдингтік немесе ірі қатысушысы мәртебесін оңтайландыру ұсынылады. Ал банктердің бірігуі бойынша қатысушылардың бірінің акциялары кепілде, тыйым салуда болған жағдайда, эминенттердің қайта ұйымдастырудағы кепілзатын ауыстыруға тыйым салу тетіктері көзделеді.

Жалпы, заң жобасы Мемлекет басшысының қайта құрылымдаудан өткен екінші деңгейлі банктердің, нақты айтқанда БТА, «Альянс Банк» және «Темірбанктердің» қатарынан мемлекеттің шығуы туралы тапсырмасын орындау үшін де қажет болып табылады.

Сенаторлар Мәжіліс мақұлдаған құжатқа жеті түзету енгізген болатын. Оның үшеуі қайта құрылымданатын банктің елу пайызынан кем болатын акцияларды иелену жағдайына қатысты түзетулер.

Мәжіліс депутаттары Сенат тарапынан енгізілген түзетулерге келісім беріп, құжатты қабылдады.

Дереккөз: inform.kz

26 ақпан 2014, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.