Атырау, 30 қыркүйек 00:35
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«Қашаған» мұнайы қашан өндіріле бастайтындығы белгісіз - Мыңбаев

1 695 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қашаған» мұнайы қашан өндіріле бастайтындығы белгісіз. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен өтіп жатқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның алқа мәжілісінде компания басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Қашағанға байланысты айқындық жоқ. Шығындар жалғасуда және олар 2013 жылдың 1 қазанынан бері қайтарылмай келеді», - деді ол.

Компания басшысының атап өтуінше, бұл жайт республика үшін жаман емес. Ал ҚМГ мен аталған жобадағы басқа да бірқатар мердігер компаниялар үшін оның теріс жақтары бар.

«Бұған қоса мұнай өндіру мерзімі де айқындалған жоқ», - деді С.Мыңбаев.

Дереккөз: inform.kz

25 ақпан 2014, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.