Атырау, 24 қараша 21:25
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Нива» автокөлігі өндірістен шығарылады

1 944 просмотра

АСТАНА, 24 ақп - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес келмеуіне байланысты «Нива» автокөлігін өндірістен шығарады, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау.

 «2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Кедендік одақта барлық мүше елдерге ортақ техникалық регламент енгізіледі», - деді Рау ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

А.Рау бұның алдында Өзбекстаннан келетін Daewoo көліктерін Қазақстанға әкелуге тыйым салынғандығын да атап өтті. 

«2014 жылдың 5 қаңтар күні ҚР Үкіметінің Қаулысымен импортталатын көліктерге қауіпсіздік талаптары күшейтілген болатын. Сол кезде өзбекстандық көліктер қапы жеп қалды. Кешіріңіздер, бұл қауіпсіздік талаптары. Бізде шығарылатын көліктердің барлығы, Нива көлігінен басқасы, айтпақшы ол да өндірістен шығарылады, қауіпсіздік талаптарына сай келеді», - деді ол.

Дереккөз: newskaz.kz

 
24 ақпан 2014, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.