Атырау, 24 қараша 22:08
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Павлодар облысында мұғалімдердің кесірінен оқушы көз жұмды

2 030 просмотра

Павлодар облысының Баянауыл ауданында 15 жасар қыз бала өз өзіне қол салып, өмірін қиды. Өзі оқыған мектеп қабырғасында көз жұмған қыз жер қойнына тапсырылды.

Туғандарының айтуынша, қызды ұстаздары жек көріп, оған жеки берген соң осындай әрекетке барған болуы керек. Жан түршіктірер ісі алдында ол тілдей хат қалдырыпты. Онда осыншама кімге өкпелеп өмірден баз кешкенін жазған, деп хабарлады 7 арна.

Жұмахановтар отбасының егіз қыздары бір мектепте оқыған. Суыт хабар келген күні екі қыздың бірі түнде екіншісінің үйде жоқ екенін байқап ата-анасына айтқан.

15 жастағы Мағжан Жұмекенді оқу орнының бір бөлмесінен тауып алған. Асылып тұрған күйі. Бірге оқитын сыныптастары 15 жастағы қыздың өз еркімен өмірден кеткенін айтады. Ал туғандары өлім алдындағы хатын көрсетіп көз жастарын төгіп отыр.

Онда Мағжан Жұмекен өз өліміне мұғалімдердің кінәлі екенін жазыпты. Қыз баланың ұстаздардан қысым көргенін оның достары мен егіз сыңары айтып отыр.

"Ол бұған төзбеді, шыдамы жетпеді. Оларды соттасын, жұмыстан шығарсын", — дейді қазір Мағжанның әпкесі.

Бұл сұмдық оқиғадан кейін оқу орнының басшылығы, тәрбиешілері және кезекші ұстаздар, барлығы 7 адам қызметінен босатылған.

Қазір мектеп директорының орнында жүрген ұстаз камераға сөйлеуден тартынды. Балалар түгілі ерсектердің өзі қатты шошып қалған.

Тәртіп сақшылары сот медициналық сараптама қорытындысының нақты 1 айдан соң белгілі болатынынан басқа тіс жармады.

Мағжан Жұмекен өмірсүйгіштігімен көзге түсетін көңілді қыз болатын деп естеріне алады жақындары. Алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып, жоғары оқу орнына түсуді армандап жүріпті.

Сыңары Тоғжанның айтуынша, Мағжан болашақта дәл қазір өзі оқитын мектеп-интернаттың директоры болғысы келіпті.

Дереккөз: ult.kz

24 ақпан 2014, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.