Атырау, 24 қараша 21:47
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мутко неге Қазақстанды қолдамайтынын түсіндірді

1 858 просмотра

Фото: newizv.ruФото: newizv.ruСочидегі Баспасөз орталығында Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко журналистермен кездесті. Оған Қазақстан журналистері де барып, көкейдегі сұрағымызды көлденең тартты деп жазады Tengrinews.kz.

Бұған дейін В.Мутко 2022 қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ниет білдіріп отырған елдердің ішінде Қазақстанды емес, Қытайды қолдайтындығын білдірген.

Осы мәселе жөніндегі сауалға ол:

"Әрине, Қазақстан біздің спорт саласындағы серіктесіміз. Біз Қазақстанды қолдауға әзірміз. Бірақ сіздер нақты бір шешімге келіңіздер. Олимпиаданы өткізу үшін күресесіздер ме, жоқ па? Бір жағына шығыңыздар. Содан соң біз де бір жағына шығамыз... Ал Қытайды қолдайтындығымызға келер болсақ, олар бізді Сочи Олимпиадасына дайындалғаннан бері қолдап келеді. Әзірлік жұмыстары барысында да көп көмектесті. Сенімді серігіміз болды. Тіпті Қытай спорты басшылары Сочи Олимпиадасы басталмай, ерте келді. Өздеріндегі жаңа жылдық мерекеге қарамай, бізбен бірге болды... ", - деді.

Источник: NUR.KZ

24 ақпан 2014, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.