Атырау, 24 қараша 21:43
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оралда теңгенің құнсыздануына қарсы митинг өтті

1 830 просмотра

Оралдағы жергілікті журналист Лұқпан Ахмедьяровтың Азаттық тілшісіне айтуынша, девальвацияға наразылық жиыны22 ақпан күні түсте басталған.

Наразылар қатары түскі сағат 14:00-ке таман 100 адамға жуықтаған. Митинг қаладағы орталық алаңда өткен. Журналистің айтуынша, девальвация митингіге жиналуға себеп қана, негізгі талаптар - саяси және азаматтық бостандықтарды, әділ сайлау өткізуді, биліктің халыққа есеп беруін, үкімет отставкасын талап ету.

Ахмедьяров митингіге жергілікті "Абырой" қоғамдық бірлестігі мүшелері мен бұрын шеруге қатыспаған "жаңа адамдар" келгенін, жиынды полицияның бақылап тұрғанын айтты.

Наразылардың арасына Орал қалалық ішкі саясат басқармасының бастығы Асланбек Сарқұлов келіп, "жиынның заңсыз екенін" айтып, тарап кетулерін талап еткен. Бірақ жиылғандар оның сөзіне құлақ аспаған.

Олар жергілікті "Абырой" қоғамдық бірлестігінің белсендісі Жанат Есентаевтың девальвация туралы жаңа әнін тыңдауға көшкен. Митингіде екі адам орыс тілінде "Нищие беднее не станут" (Қайыршы бұдан ары кедейлене алмайды) деген сөз жазылған плакат ұстап тұрған.

Источник: NUR.KZ

24 ақпан 2014, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.