Атырау, 26 желтоқсан 17:04
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«Аджип» ККО компаниясына ірі сомаға қатысты айып тағылды

6 326 просмотра

«Agip KCO» компаниясына ірі сомаға қатысты алаяқтық жасады деген айып тағылды. Бұл іс Қарабатандағы зауыт құрылысымен байланысты.

Осынау даулы жаңалықты ҚР астаналық экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ақпараттық-талдау департаментінің бастығы Әділ ӘБІЛҚАСЫМОВ «Қазақстанда табиғат қойнауларын пайдаланудың саяси-құқықтық аспектілері» деген тақырыпта жұма күні өткен халықаралық конференцияда таратты. «Мұнай өндіруші “Agip” компаниясында өндірілетін мұнай мен газ көлемі есебінен өтеледі деп жоспарланған құны 110 миллион доллар болатын жер үсті «Болашақ» зауытында мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау барысында белгілі бір шығындар екі мәрте қайталанған», - деп мәлімдеді ол. Осы факті бойынша бүгінгі күні «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Оның мәнісі Өнімді бөлісу келісімі негізінде жұмыс жасайтын табиғат пайдаланушылардың өз шығындарын өндірілетін мұнай және газ көлемі есебінен өтейтіндіктерін кепілдікке алатындығында болып отыр. Және бұл жағдайда да қаржы полициясының болжамы бойынша «Agip» қазақстандық тарапты алдап-соғамын деп шешкен сыңайлы. Бүгінгі күні Қашаған жобасының операторы NCOC компаниясы бұған қатысты баспасөз үшін мынадай мазмұндағы мәлімдеме жасады:

«БАҚ жарияланған мақалалардан NCOC-қа “Agip KCO” агенттік компаниясы алаяқтықтан құралақан емес-мыс екендігі белгілі. Бұл іске қатысты тергеу барынша ұзақ мерзімге созылды. “Agip KCO” және NCOC болып жатқан жағдайлардан құлақдар. Іс Солтүстік Каспий бойынша ӨБК ережелеріне сәйкесті Қашаған жобасының операторы ретінде NCOC болып тағайындалғанға дейінгі кезеңге қатысты. NCOC Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексіне сәй-кесті аталмыш іске қатысты қандай ма бір түсініктер мен ақпараттар беруге құқылы емес».

Шетелдік компанияның берген жауабы осы ғана. Алайда, осынау іс бой көтерген кезде NCOC жобаның операторы болмағандықтан, оның қандай қатысы бар екендігі түсініксіз. Қаржы полициясының мәлімдемесіне «Agip KCO» компаниясының ғана түсініктеме беруі орынды емес пе? Алайда, компанияның баспасөз қызметі басқа түсінік беруді ендігі жерде күтудің қа-жеттігі жоқтығын мәлімдеді.

Лев ГУЗИКОВ

25 қараша 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.