Атырау, 26 сәуір 20:13
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Оқиғалар тізбегі

2 522 просмотра

ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Атырауда жыл басынан бері ит асырап отырған 122 азамат жануарларды серуендету ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, 1 сәуірде қала тұрғыны Сәтпаев көшесіндегі балалар алаңының жанында итін тұмылдырықсыз әрі бос қоя берген. 

Мұны полиция қызметкері байқап, әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабының 1-бөлімі («Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережесін бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Полиция департаменті жағымсыз және қауіпті жағдай орын алмас үшін иттің иелері өз жануарын тұмылдырықпен және қысқа байлап ұстап серуендегені жөн деп ескертеді.

* * * * *

7 сәуірде Атырау полицейлері көліктік бақылау инспекциясы және экология департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Жүк көлігі» жедел алдын алу іс-шарасы барысында бірқатар әкімшілік құқық бұзушылық анықтады. Мысалы, «КамАЗ» көлігі қала аумағында рұқсат етілген салмақтан артық жүк тасымалдаған. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 8-бөлігі («Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының параметрлердің бірін асыруы») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, экология департаментінің қызметкерлері қоршаған ортаға зиянды шығарынды көлемін арттырған «КамАЗды» анықтады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы ("Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді пайдалану ") бойынша хаттама толтырылды.

Жалпы, жедел алдын алу іс-шарасы барысында 35 «ауыр жүк көлігінің» жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

* * * * *

"Борышкер" акциясы барысында атыраулық полицейлер жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, борышкерлердің мекен-жайларын аралау барысында мемлекет пайдасына жалпы 44 млн.теңге айыппұл өндіріп алды. Жүргізушілері айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 47 автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді.

* * * * *

10 сәуір күні сағат 00:10-да 102 операторының пультіне Амангелді атындағы орта мектебінің (Дамба ауылы) алдында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түсті. ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында хабарламаның жалған екені және оның «авторы» да анықталды - 15 жастағы жасөспірім осылай әзілдеуді ойлаған. Оның ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабының 3-бөлігі ("он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдем қызметтерін көрiнеу жалған шақыру ") бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

13 сәуір 2021, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.