Атырау, 27 сәуір 08:17
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Баласы үшін ата-анасы айыппұл төлейді

3 870 просмотра

1 шілдеден бастап Атырауда 40 мас жүргізуші ұсталды, оның ішінде 6 әйел мен жасөспірім бар. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жасөспірім мас күйде және жүргізуші куәлігінсіз болған. Ал оның жасына сай куәлік берілмейді де.

- Сот-медициналық сараптама кәмелетке толмаған жүргізушінің рөлге отырмас бұрын ішімдік ішкенін растады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабы ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы") бойынша хаттама толтырылды. Ата-анасы айыппұл төлейді, - деді Атырау облыстық Полиция департаментінің өкілі Гүлназира МҰХТАРОВА. – Бұдан басқа, оған өзінің Nissan Tiida көлігін берген жасөспірімнің әкесі жауапқа тартылды. Әкімшілік сот оған 27 880 теңге көлемінде айыппұл салды. 442-бап ("Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы") бойынша тағы бір хаттама толтырылды. Жинақталған материалдар ювеналды сотқа жолданды.

Жалпы жыл басынан бері өңірімізде ӘҚБтК-тің «алкогольдік» бабы бойынша 357 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылған. Оның 275-і – облыс орталығында. Ал бұдан басқа, Г.Мұхтарованың айтуынша, ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша 60-тан астам қылмыстық іс қозғалған.

Фархат ӘБІЛОВ

27 шілде 2020, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.