Атырау, 27 сәуір 03:30
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«"Нұр Отан" оларға тиген жоқ!»

6 174 просмотра

Жақында Атыраудан Түркістан облысының Мақтаарал  ауданына атыраулықтар бірлесіп жинаған гуманитарлық көмегімен автокеруен жолға шыққан болатын. Енді әлеуметтік желіде бір ер адам «міне, Нұр Отанның адамдары көргенсіз екен, кеше кеткен колоннаны Индерден қысып, тоқтатып, «Нұр Отанның» наклейкасын жапсырып, әрі қарай бірге ілесіп кетті. Еңбек халықтыкі, атақ «Нұр Отандыкі» болайын деп тұр» деген бейнежазба пайда болды. Партияның облыстық филиалы бұл ақпаратты жала жапты деп жоққа шығарып, фейсбукте жариялады.


«Жанашыр азаматтар гуманитарлық жүкті өз еркімен жинап, жіберді. Бұл ретте  оларға "Nur Otan" партиясы тарапынан қандай да бір араласу, қысым көрсету немесе мәжбүрлеу фактілері болған жоқ және болуы мүмкін емес... Байқасаңыз, бейнежазбада түсірген орын мен жүк автокөліктерінің нөмірлері анық емес және онда "Nur Otan" деген ешқандай жазу не логотип көрінбейді. Бұл партияның ТЖ кезінде жүргізіп отырған ауқымды жұмысын жоққа шығарып, атына кір келтіруге бағытталған жалған және қасақана өтірік таратылған ақпарат. Зиянкестерге БАҚ және әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатыны  туралы ескертеміз».

Дайындаған Ляззат ҚАРАЖАНОВА 

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

14 мамыр 2020, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.