Атырау, 3 мамыр 00:36
 ашықВ Атырау +19
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Барлық дәйексөздер

23 желтоқсан 2020

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар ТІЛЕУБЕРДІ:

- Қазақ ретінде, Қазақстан азаматы ретінде бұл намысыма тиеді. Отанымыздың тарихын білгендіктен, орыс тілінде «это бред сивой кобылы» деп жауап берер едім. Мұндай мәселелер көтерілгенде бірінші кезекте тарихқа сүйену керек.

(РФ Мемлекеттік думасының депутаттары Никонов, Федоров және Жириновскийдің мәлімдемелеріне қатысты пікірі)

16 желтоқсан 2020

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

-  Егер сын айтылса, оппозиция болса, олар міне, мынау дұрыс емес, оны былайша сындарлы етіп жасайық деп өз ұсыныстарын білдіріп отыруы тиіс. Оппозиция дегеніміз сол. Бірақ мұндай оппозиция болған жоқ. 

(Қазақстандағы оппозиция туралы «Штрихи к портрету» деректі фильмінде айтылды)

9 желтоқсан 2020

ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ:

- Кейбір мердігер мекеме қызметкерлерінің жалған ПТР анықтамаларды қолданып, санитарлық бекеттерден өткені анықталды. Шұғыл арада бұл қызметкерлерге берілген рұқсат қағазының күші жойылды.

(Онлайн-брифинг барысында айтылды)

2 желтоқсан 2020

«Нұр Отан» партиясының бұрынғы мүшесі және ҚР Мәжілісінің экс-депутаты Нұржан ӘЛТАЕВ:

- Мен парламенттің де, партияның да өткір әрі ашық сөйлейтіндерді, жоғары жақтың мақұлдауынсыз үкіметті сынағандарды ұнатпайтынын көрдім. Бұл, әрине, жақсы емес. Парламентте шындықты сол күйінде айтуға батылы жететін депутаттар отыруы тиіс.

(Жаңа саяси партия құруға қатысты айтқаны)

25 қараша 2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Қазақстан бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалған дамыған елдер тобына енуі керек. Кез-келген заңсыз кедергілер ауыр қылмыс болып саналады.

(Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде айтылды)

18 қараша 2020

Қазақстан мен Ресей сарапшыларының Жайықты зерттеу нәтижелері туралы баяндамасынан:

«...Жайық бассейнінде миллиондаған тонна өнеркәсіп қалдықтары, соның ішінде, байыту фабрикаларының қалдықтары, аршыма тау жыныстары мен қоршаушы жыныстар жиналып қалған. Өнеркәсіп қалдықтарын сақтау үшін полигондар мен үйінділерге мыңдаған гектар жер бөлінген...».

11 қараша 2020

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Біз әр бала мектептен кейін мемлекеттік тілде оқып, жазып және сөйлей алатындай жағдай жасауымыз керек. Бұл оларға мемлекеттік қызметтің, экономиканың барлық саласында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

(Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында айтылды)

4 қараша 2020

Ұлбала САНАЛИЕВА, Доссор кентінің тұрғыны:

- Кезінде осы жерден мұнай шыққанда, бұл үйлерді ағылшындар өздеріне деп уақытша тұрғызған. Сапалы салынғаннан ба, бір ғасыр өтсе де құламай тұр. Барар жеріміз болмағасын осы үйде амалсыз тұрып жатырмыз.

(ХХ ғасырдың басында салынған апаттық жағдайдағы үйіне қатысты айтқаны)

28 қазан 2020

Атырау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан АРЫСТАН:

- ...Олардың дұрыстығы күдік тудырады. Себебі барлығы «қолмен» атқарылады. Ол жерде ауадағы зиянды заттардың концентрациясын бақылайтын оператор отыр, ал көрсеткіштерді қолмен жазады. 20 станция деректерді әр 20 минут сайын көрсеткен кезде ШРК-дан асып кетуді байқап, жазып алу – бұл өте күрделі жұмыс.

(Брифингте NCOC және АМӨЗ ауа сапасын бақылау станцияларының деректеріне қатысты айтылды)

21 қазан 2020

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Президенті:

- Алдағы сайлау еліміздің саяси жүйесін жаңартуды қамтамасыз ететін саяси институттарды дәйекті түрде демократияландыруға және жаңғыртуға Қазақстанның аса ықыласты екенін тағы да бір дәлелдейтін болады.

(ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуінен)

14 қазан 2020

Алексей ЦОЙ, денсаулық сақтау министрі:

- Егер біз қазір қатаң шаралар қолданып, әрқайсымыз халқымыздың денсаулығын сақтауға атсалысатын болсақ, онда тіпті қатаң локдаун енгізілмеуі мүмкін. Бірақ ол үшін бәріміз бірігіп, қазір елімізде қолданылып жатқан шектеу шараларын сақтауға барынша жұмылуымыз керек.

(ОКҚ брифингінде айтылды)

7 қазан 2020

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Қазақстанда жан басына шаққанда балықты аз тұтынады. Айталық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам басына шаққанда жылына 16 келідей балық тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бір адамға 4 келіден келеді.
(Үкімет отырысында айтылды)

30 қыркүйек 2020

Алексей ЦОЙ, Денсаулық сақтау министрі:

«Халықтың босаңсып кеткенін көріп отырмыз. Бетперде кию, ара қашықтықты сақтау талаптары үнемі орындала бермейді. Бұл Қазақстанда коронавирустың таралуына және карантин режимін күшейтуге әкеп соғуы мүмкін».

(Үкімет отырысында айтылды)

23 қыркүйек 2020

2020 жылдың шілде айында Атырау облысында түрлі себеппен 1165 адам қайтыс болған. Өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда өлім-жітім 3,6 есеге артқан.

(ҚР Статистика комитетінің мәліметі бойынша)

16 қыркүйек 2020

Досым СӘТПАЕВ, саясаткер:

- Реформалар жөніндегі жаңа Жоғарғы кеңесте оның мүшелерінің кем дегенде жартысы қазір реформалайын деп отырған өте тиімсіз, олигархиялық, квазимемлекеттік экономиканы құруға белсенді атсалысты. Алдымен проблема туындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап алып, кейін салтанатты түрде сол проблеманы жою әрекетіне басшылық ету керек деген ескі әзілдегідей болды. Логикалық тұрғыдан алғанда, бұрынғы министрлердің бәрін қатыстырып, әр министрлікте және бұрынғы әкімдердің бәрін қатыстырып, әр әкімдікте реформалар жөніндегі осындай кеңесті құру керек.

(Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңестің құрылуына қатысты Facebook парақшасында айтылды)

9 қыркүйек 2020

Петр СВОИК, экономист:

- Адам неғұрлым бай болып, өзінің тұрғын үй мәселесін сенімді түрде шешкен болса, оның соғұрлым  өзіне қажет те емес тұрғын үйге жұмсау мүмкіндігі мол болады. Ал адамның проблемасы неғұрлым көп болса, соғұрлым аз ақша жұмсай алады. Салымшылардың көпшілігі ақшаны алып та, жұмсай да алмайды, өйткені жинағаны жеткілікті мөлшерге жетпейді.

(Зейнетақыны мерзімінен бұрын алу туралы 365info.kz-ке берген сұхбатынан)

2 қыркүйек 2020
26 тамыз 2020

Досым СӘТПАЕВ, саясаттанушы:

- ... Егер мемлекет адам капиталының сапасын төмендете отырып, өзінің білім беру жүйесін құртатын болса, егер ол мемлекеттік көзқарасты, адалдықты және билік басындағылардың бір нәрсені жақсы жаққа өзгертуге деген ұмтылысын емес, бейілділік пен сауатсыздықты көбірек қолдайтын болса, егер тек бүгінгі күнмен өмір сүретін болса, онда ол өзіне ғана емес, бүкіл елге көр қазғанмен бірдей. Қазақстанға келер болсақ, бұл көр жартылай қазылған.

(Telegram-дағы жеке парақшасында айтылған)

19 тамыз 2020

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Сау адамның сол  тізімге ену үшін тырысудың керегі бар ма? Белгілі бір әлеуметтік ереже мен заңдар бар ғой. Дені сау, еңбек ететін адам өзін-өзі қамтуы керек. Оның ішінде, вакцинамен де. Бұл - менің жеке ұстанымым. Кез келген саналы адам менімен келіседі деп ойлаймын. 

(Неліктен азаматтар медициналық сақтандыру қорынан немесе кепілдендірілген тегін көмек аясында коронавирусқа қарсы вакцинаны ала алмайды деген сұраққа жауабынан)

12 тамыз 2020

Юрий ДУДЬ, ресейлік журналист:

- Погон таққан күші мығым ұл-қыздарсыз бірде-бір мемлекет болмайтынын түсінемін. Бірақ сіздер қарусыз жерлестеріңізге зақым келтіру үшін супермен болып жаттықпаған шығарсыздар. Егер сіздер мұны өз еріктеріңізбен жасасаңыздар, онда сіздердікі дұрыс емес деп ойлаймын. Егер сіз басшылықтың бұйрығын орындаған болсаңыз, онда мұндай басшылықты ...орнынан қуу керек.

(Беларусь күш құрылымдарына үндеуінен)

5 тамыз 2020

Шынар ІЗТІЛЕУОВА, экология жанашыры:

- Егер коронавирустың екінші, үшінші толқыны болса, экологиялық осал аймақтар халқының иммунитеті нашарлығынан зардап шегетін болады.

(Атырау облысының экологиялық проблемаларына арналған онлайн-кеңесте айтылды)

29 шілде 2020

Досым СӘТПАЕВ, саясаттанушы:

- Мемлекеттің нашар менеджер екеніне көзіміз жетті. Бірақ мәселе мынада - әмиян осы "менеджердің" қолында және қаражатты мақсатқа сай емес, мемлекетпен үлестес шалбарлылардың реңдік үйлесіміне қарай бөледі. 

(Facebook-тегі жеке парақшасында айтылған)

22 шілде 2020

Ержан ЕСІМХАНОВ, заңгер:

- Халыққа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беру керек, бұл орынды. Бірақ мұны адамдарға да, экономикаға да пайдасы тиетіндей ойластырып жасау керек.

(Facebook-тегі жеке парақшасында айтылды)

15 шілде 2020

Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, президент кеңесшісі:

- Өкінішке орай, біздің үкімет төлем жасау үшін құқықтық негіз таба алмай отыр. Ал адамдар үкіметтің осындай «көзқараста» жұмысын жалғастыруын моральдық жағынан негізсіз деп есептейді. Бірақ үкімет тарап кетіп, орнына жаңа адамдар келсе де билікте өзгеріс болмайды. Ол үшін жаңа тұлғалар мен жаңа ереже қажет. Сонда ғана эпидемияның келесі толқындарына төтеп беріп, осынша қайғылы жағдайға жеткізбеуге мүмкіндік болады.

(Facebook-тегі жеке парақшасында айтылды) 

8 шілде 2020

Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН, әнші:

- Ненің құрметіне салют атылып жатыр? Коронавирусты жұқтыру бойынша бірінші орында тұрғанымыз үшін бе? Астанада отшашу ұйымдастырып жатқанда, адамдар оттегі баллондарын таба алмай әлек! Осылай жалғастыра беріңіздер, келесі жылы тойлайтын адам да қалмайды... Құдай сақтасын!

(Instagram-да Астана күні құрметіне арналған мерекелік отшашуға қатысты айтылды)

1 шілде 2020

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды. Олардың арыз-шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмей отыр.

(Коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте айтылды)

24 маусым 2020

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: 

- Коронавирус қорқынышты ауқымда таралуда. Біздің еліміз коронавирус шабуылына ұшыраған жалғыз ел емес. Төтенше жағдай режимі жойылғаннан кейін босаңсып кеттік, мұны мойындауымыз керек. Кейбір азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер қауіпті кезең артта қалды деп ойлады. Тәуекел дұрыс бағаланбай, медициналық ережелер мен ұйғарымдар сақталмады.

(Biz Birgemiz онлайн-форумында айтылды)

17 маусым 2020

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле ҚИСЫҚОВА:

- 17 маусымдағы ахуал бойынша елорда ауруханаларында 1711 адам емделуде. Бұл аурухана орындарының 90 пайызын алып отыр. Олардың ішінде 80 адам жансақтау бөлімінде, ал өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастар саны төрт есе өсті. Медицина қызметкерлері күндіз-түні талмай еңбектенуде. 

Егер қала тұрғындары немқұрайлылық танытса, дәрігерлер мен төсек орындар жетіспей, бәріне дер кезінде көмек көрсету мүмкін болмай қалады. 

10 маусым 2020

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ: 

- Егер біз өте бай ел болғанда, әрине, кейбір еуропалық елдер сияқты карантинді артығымен үш айға дейін жалғастырар едік. Бірақ әзірге, өкінішке орай, үш ай бойы бүкіл ел болып түк істемей, үйде оқшауланып отыра беруге жағдайымыз келмейді. 

(Instagram-да тікелей эфирде айтылды)

3 маусым 2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

− Қазақстан Ресеймен және Беларусьпен екіжақты форматта да, интеграциялық бірлестіктер (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД) аясында да тығыз жұмыс жүргізіп келеді. Ресей мен Беларусь сияқты Одақтас мемлекеттің құрамына қосылу біздің жоспарымызда жоқ. Жоғарыда аталған ұйымдар аясында интеграцияны одан әрі дамыту басым бағытымыз болып қала береді.

(Ресейлік «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында айтылды)

27 мамыр 2020

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ:

- Қауіпсіздік шаралары сақталмай, науқастар саны көбейіп, жағдай жақсармаса, әрине, карантин шараларын күшейтіп, қосымша санкциялар енгіземіз. Мұндай шара қолданғымыз келмейді. Сол себепті әрбір адам осы пандемияны тоқтатуға өз үлесімізді қосайық.

(ОКҚ-де өткен брифингте айтылды)

20 мамыр 2020

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Президенті:

- Комиссия өкілдері жақында мемлекет басшыларының стратегияны қабылдағанын хабарлады. Бұл орынсыз айтылған деп есептеймін. Президенттерге стратегияны қабылдай ма, жоқ па, өздері талқылап, шешуіне мүмкіндік беру керек.

(Еуразиялық экономикалық одақтың даму стратегиясын қабылдау жөнінде айтылды)

13 мамыр 2020

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ:

- Қазақстанда бес жыл ішінде де, 10 жылда да вакцинадан өлім жағдайы тіркелген жоқ. Вакцинадан асқынған жағдай туралы ата-аналардан да, дәрігерлерден де ресми түрде шағым түспеді.

(«Хабар-24» арнасына берген сұхбатында айтылған)

6 мамыр 2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: 

- Төтенше жағдай кезінде екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік-эконо­ми­калық ахуалдың тұрақтануына өз үлесін қосты деп айта аламыз. Ең алдымен, банктер кәсіпкерлерге және азаматтарға берген несиені қайтару мерзімін кейінге ауыстырды. Нақты айтқанда, несие төлемдері үш айға шегерілді. Табысынан айырылғандарға мұндай көмек қажет. Бірақ жұртшылық арасында несиені мүлдем қайтармаймыз деген түсінік қалыптаспауы керек. Бұл – жаңсақ пікір.   

(Egemen Qazaqstan басылымына берген сұхбатында айтылды)

29 сәуір 2020

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ:

- Бұған дейін кейбіреулер: «Балаларға сабақ беру қиын емес, өзім де оқыта аламын» деп ойлады. Бірақ қазір, ата-аналар балаларымен оңаша қалып, оқу процесінде оларға көмектесуге мәжбүр болған кезде, педагог болудың қаншалықты қиын және олардың жұмысы маңызды екенін түсінді деп ойлаймын. Мұның да үлкен артықшылығы бар, менің ойымша, біздің қоғам үлкен сабақ алды.

(Instagram-да тікелей эфирде айтылды)

1...567...17