Абзал НАРЫМБЕТОВ, мұнай-газ саласының сарапшысы:
-… Егер мұнайдың бағасы барреліне 30 долларға дейін құлдыраса, онда қордың (Қазақстанның ұлттық қоры) ақшасы бес жылдан кейін сарқылады.
(Energy Analytics Telegram каналында айтылған)
Абзал НАРЫМБЕТОВ, мұнай-газ саласының сарапшысы:
-… Егер мұнайдың бағасы барреліне 30 долларға дейін құлдыраса, онда қордың (Қазақстанның ұлттық қоры) ақшасы бес жылдан кейін сарқылады.
(Energy Analytics Telegram каналында айтылған)
Модульді стационардың жансақтау және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Дәулен ЕЛЕУОВ:
- Бір ай бойы бақылауда ұстап, ауруымен күресіп келе жатқанда науқас қайтыс болса, ауыр тиеді. Енді беті бері қарады дегенде кенеттен айырылып қаламыз. Бұл біздің жұмысымыздағы ең қорқынышты сәт.
(«АЖ» сұхбатында айтылды)
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ:
- Бүгінде бізде 10 898 мұғалім екпе алды. Бұл көрсеткіште Атырау қаласындағы ұстаздардың үлесі көп, аудандарда вакциналау пайызы өте төмен.
(Мұғалімдерді вакциналауға қатысты өткен жиналыста айтылды)
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Қаныш МӘМБЕТОВ:
- «Ashyq»-ты жай ғана ашып қоюға болмайды, келушілер мен сатып алушылардың барлығын тексеру керек. Олай болмаған жағдайда кәсіпкерлер жұмыс жасау құқығынан айырылады.
(«Ashyq» жүйесін енгізуге қатысты кәсіпкерлермен кездесуде айтылды)
«Біз таңғы асымызды ішкен жоқпыз, түстенбедік, кешкі асқа да бармаймыз. Бұл аштық жариялау емес, біз тек сұрағымыздың жауабын күтеміз».
(Маңғышлақта ереуілге шыққан жұмысшылардың «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығына айтқаны)
Ақмола облысы Шортанды ауданы Новокубанка ауылдық округінің әкімі Рахат МАРДАН:
- Әкімді, менің пікірімше, жоғары органдар мен мәслихат емес, халық сайлауы керек.
(Алдағы уақытта өтетін ауыл әкімдерін сайлауға қатысты айтылды)
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР Президенті:
- Бұл жерде дұрыс тәртіп жоқ. Бұл АМӨЗ-дің проблемасы. Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында қаржыны жылыстатуға байланысты астыртын әрекеттер өте көп.
(Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды)
Өткел ауылының тұрғындары:
- Жарық, газ төлемдерін, салықты төлегенде керекпіз, ал басқа уақытта қажетіміз жоқ.
Асқар МАМИН, ҚР премьер-министрі:
- Әкімдер, әсіресе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында вакциналау қарқынын күшейтуі қажет. Еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету және білім беру салаларында міндетті вакциналауды енгізу қажет екені анық байқалып отыр.
(Үкімет отырысында айтылған)
Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі:
- Мен үйден тамақтанбаймын.
(Әкімнің отбасы ай сайын азық-түлікке қанша ақша жұмсайтыны туралы сұраққа жауап бергенде айтқаны)
Мағрипа ЕРҒАЛИЕВА, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры:
- Атырауда ультрадыбыстық диагностика дұрыс жүргізілмейтіні және туа біткен даму ақаулары анықталмайтынын байқадым. Аудандарды айтпай-ақ қояйын. Жалпы, жергілікті дәрігерлер перзентханаға тексеруден өтпеген әйелді жібереді.
(Сәби өліміне қатысты ахуал талқыланған медицина қызметкерлері жиналысында айтылды)
Досым САТПАЕВ, саясаттанушы:
- Біздің іргемізде қолында бәтеңкесі бар, бүкіл әлемге жұдырықпен сес көрсеткен Хрущевтың тұсындағы Кеңес үкіметіне ұқсас мемлекет қалыптасып келе жатыр.
(Facebook-те айтылған)
Вадим ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ, Атырау қ. мәслихатының депутаты:
- Атырауда масамен күресу есірткімен күреске тең!
(Қалалық мәслихат сессиясында айтылды)
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақтыгүл ХАМЕНОВА:
- Егер ақшаны медициналық сақтандыру қорынан алуға болатын болса, онда пациенттердің қалтасына қол сұғудың не қажеті бар?
(Медицина мекемелерінің басшылары қатысқан жиналыста айтылды)
Сейітжан БАЛЖІГІТОВ, шаруа:
- Мен жерді қолданыстағы шаруа қожалықтарының иелеріне конкурссыз беру керек деп санаймын. Әйтпесе, бұл жерлер инвестициялар, басқа да нәрселер туралы әдемі сөйлейтін, бірақ іс жүзінде өздеріне жылжымайтын мүлік сатып алатын олигархтарға бұйырады.
(«АЖ»-ға берген сұхбатында айтылды)
Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИН, ҚР Мәжіліс төрағасы:
«... Бұрынғы министрлер ауылда кеңжолақты интернет болады деп бес рет уәде берген. Халықтың күткеніне он жыл өтті. Айтыңдаршы, ауылда қашан дұрыс интернет болады?»
(Парламентте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге айтылды)
Есенбек ҚУАНҒАЛИЕВ, Көптоғай ауылының тұрғыны:
- Шекара қоршауын алды, бірақ уақытша деді. Сонда күндердің күні қоршауды қайта салуы мүмкін деп алаңдап өмір сүреміз бе?
(«АЖ» тілшісіне айтылған)
«Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмас ИЗТЕЛЕУОВ:
- Пандемия алдында бізде жұмыс жасағандардың 30 пайызы жергілікті де, қалған 70 пайызы Өзбекстан азаматы болды. Ал қазір тең деуге болады. Бірақ жұмысшылар әлі де жетіспей жатыр. Сондықтан жақында Өзбекстанның 70 азаматы үшін чартерлік әуе рейсін ұйымдастырдық.
(«АЖ»-ға берген сұхбатында айтылды)
Абай УӘЛИ, Тасқала ауылының тұрғыны:
- Біздің пікірімізді білу үшін қоғамдық тыңдаулар неге ұйымдастырылмады? Конституцияда жердің халыққа тиесілі екені жазылған және біз бұл жерді қорғаймыз!
(Жеке компанияның карьер қазу жұмыстарын жүргізуіне қарсылық білдірген Тасқала ауылы тұрғындарының митингісінде айтылды)
Жалғас КҮЗЕМБАЕВ, «Атырау» ФК жанкүйері:
- Егер команда келесі матчта да лайықты нәтиже көрсетпесе және содан кейін біздің талабымыз орындалмаса, біз көшеге шығып, облыс әкімдігі алдында наразылық білдіреміз.
(Футбол жанкүйерлерінің «Атырау» ФК басшылығымен кездесуінде айтылды)
Алексей ЦОЙ, Қазақстанның денсаулық сақтау министрі:
- Мемлекет басшысының осы вакцинаны қабылдауды ұйғаруының себебі - Sputnik V да қазақстандық вакцина. Ол Қазақстанда шығарылады. Иә, ішіндегі субстансасы Ресейде жасалған, бірақ ол Қазақстанда өндіріледі. Барлық жерде: орамасының сыртында, зауытта да «бұл вакцина Қазақстанда өндірілген» деп жазылған.
Ирина УНЖАКОВА, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:
- Қазір елімізде қалыптасқан жағдайға қарасақ, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы күресте өз тәжірибесінен де, әлем тәжірибесінен де сабақ алмағаны көрініп тұр.
(Премьер-министр Асқар МАМИННІҢ атына жолданған депутаттық сауалда айтылған)
Тоғайбай ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ, ауыл тұрғыны:
- Жайылымның тапшылығы туралы мәселе көтергенде, бос жер жоқ деді, ендеше оны қайдан тауып алды? Халықпен ақылдаспай жерді бермесін. Біз бермейміз.
(«Көктөбе» учаскесінде 800 гектар жер телімін ауыл шаруашылығы мақсатында беру мәселесі туралы ауыл тұрғындарының жиынында айтылды)
Академик Мұфтах ДИАРОВТЫҢ рухына:
«2002 жылдан бастап табиғи ортаны ластағаны үшін айыппұлдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне кетеді. Яғни, қоршаған орта қарқынды ластанған сайын мемлекеттік бюджетке көп ақша түседі және мемлекет биосфераға зиян келтіру арқылы байып жатыр, ал, бұл жағдай, менің ойымша, дұрыс емес».
(Диаровтың 2014 жылы Атырауда экологиялық қор құруға қатысты Премьер-Министрге жазған хатынан).
Александр МИЛЮТИН, ҚР Мәжілісінің депутаты:
- Орташа статистикалық зейнеткер бағасы инфляцияны ескеру арқылы есептелетін автокөлік сатып алмайды. Оның зейнетақысы өмір сүруге қажетті әлеуметтік маңызы бар тұтыну тауарлары мен қызметтерді алуға жетуі тиіс.
(Премьер-министрге зейнет жасын қайта қарау туралы депутаттық сауалда айтылды)
Мақсат РАМАНҚҰЛОВ, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
- Егер салық органдары шынымен де алаяқтарды ұстап, бюджетті толтырғысы келсе, онда олар адал еңбекпен айналысатындардан емес, жемқор шенеуніктерді ұстап, оффшорлық есепшоттардан халықтан ұрланған қаражатты қайтарып алсын.
(Биліктің онлайн-аударымдарға салық салуды енгізу жоспарына қатысты айтылды)
Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
- Мемлекет басшысы бес жылда екі миллиард ағаш отырғызуды тапсырды. Ал сіздер өткен жылы бір гектар жерге жасыл желек отырғызып, оны «ауқымды жұмыс» деп есептейсіздер.
(Аймақты көгалдандыру мәселесі бойынша ТШО, АМӨЗ және басқа мекеме басшыларына айтылды)
Асан ДАРБАЕВ, ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы:
- Адамдарға есептеулеріңіз дұрыс екенін айтып сендіріп көріңіз, сендіре алмайсыздар. Біз цифрлық заманда өмір сүріп жатырмыз, ақпаратты жеткізу өте оңай, ашық болыңыздар.
(Атыраулық монополистерге айтылған)
Макс БОҚАЕВ, азаматтық белсенді:
- Мен жиналған салықтың көп бөлігін Нұр-Сұлтандағы «шаңсорғыш» бәрін сорып алып, кейін бір шенеуніктер ойына келген нәрсеге бөлмес үшін жергілікті жерде қалдырып, өңірлердің экономикалық мүмкіндігін арттыруға атсалысамын.
(«AЖ»-ға берген сұхбатында айтылды)
Серік ЕРУБАЕВ, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты:
- Мәселен, бір компанияда жергілікті инженердің сағаттық тарифі 568 мың теңге, ал шетелдікке 6,5 миллион теңге деп белгіленген, яғни 12 есе жоғары.
(Парламент отырысында айтылды)
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Президенті:
- ...Жайық өзені қатты суалып, экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады. Былтырғы желтоқсанда Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2024 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – Жайық өзені аңғарының экожүйесін сақтау.
(Үкімет отырысында айтылды)
«KEGOC» АҚ облыстық филиалының директоры Константин ЧЕРНОХАЕВ:
- ...Бұл жәй жаңбыр емес - оның құрамында сымдардың оқшауламасын бұзатын әлдебір зат болды. Ол кеуіп болғанша, әбігерге түсіп, «ақырзаман» басталды ма деп қалдық.
(Жарықтың жиі өшуіне қатысты өткен брифингте айтылды)
Ержан ЕСІМХАНОВ, блогер:
- Партияда жетекшіні елден бұрын әрі асыра мақтайтын адамды жақсы бағалайды. Ең күшті мақтау жолдаған адам парламент депутаты болады. Бұл сол еңбегінің жемісі.
(Facebook-та жарияланды)
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:
- Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар.
(«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласынан)
Ескене станциясының тұрғыны:
- Біздің экономикамыз бен халқымыздың тұрмыс жағдайын Жапониямен немесе Еуропа елдерімен салыстыруға болмайды. Біздің жалақымыз осы елдердегі тұрғындардың бір түскі асына тең. Әрі қарай өзіңіз есептеңіз. Сіздерден зиян келері сөзсіз.
(Мақат ауданындағы ГӨЗ құрылысына қатысты қоғамдық тыңдауда айтылды)