Атырау, 24 сәуір 09:07
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Барлық дәйексөздер

15 сәуір 2020

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ:

- Елде қазіргі уақытта төтенше жағдай енгізілгенін, қатаң карантиндік шаралар қабылданғанын түсінеміз. Бәрі де қызметте. Алайда жергілікті билікті баспасөз жұмысына түсіністікпен қарауға шақырамын. Біздегі ақпарат бойынша журналистер карантиндік шектеулерді әдейі бұзбаған. Төтенше жағдай - журналистердің құқығын шектеуге сылтау бола алмайды. Журналистер қазір қауырт жұмыста, дұрыс ақпарат алу құқығымызды іске асыра отырып, алдыңғы шепте жүр. Ол туралы ұмытпайық.

(Атырау облысында КТК журналистерінің ұсталуына қатысты айтылды)

8 сәуір 2020

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Қазіргі Қазақстанды Кеңес Одағы ыдыраған өткен ғасырдың 90-жылдарындағы Қазақстанмен салыстыруға болмайды. Бізде осындай қиындық туғанда ешкімге алақан жаймау үшін, ұрпақ қамы, ел болашағы үшін жинақталған Ұлттық қор мен алтын-валюта қорында 90 миллиард АҚШ доллары бар. Ретімен, үнемді пайдаланар болсақ, ол бүгін басымызға түскен тағдыр мен тарих сынынан еңсемізді тік ұстап өтуімізге мол мүмкіндік береді.

(Қазақстан халқына үндеуінен) 

1 сәуір 2020

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР президенті:

Құрметті отандастар!

Коронавирус індетіне байланысты баршамыз күрделі кезеңді өткеріп отырмыз. Бірақ, бұл – уақытша қиындық. Біз оны міндетті түрде жеңеміз!

Біздің елдің бірлігі, ынтымағы барлық қиындықты еңсеру жолында сенім береді.

Коронавируспен ауырған азаматтарға қолдау білдіргім келеді. Уайымдамаңыздар! Бұл ауру қанша қауіпті дегенімен жанқиярлық үрейлі емес. Одан жазылып кетіп жатқандар бар. Біз – мемлекет пен қоғам сіздерге көмектесу үшін қолымыздан келгенше аянып қалмаймыз.

(Еліміздегі төтенше жағдайға және экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы мемлекеттік шараларға қатысты мәлімдемеде айтылды)

25 наурыз 2020

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Үкіметтің әр мүшесіне, әкімдерге айтарым - басқаша тәртіпте жұмыс істейтін кез келді. Қазіргі қиын сәтті жете түсінбей, «ештеңе бүлдіріп алмайын» деп ескі әдіспен әрекет етуге тырысатындар орындарын босатуы тиіс. Әйтпесе, біз бұл қиындықты жеңе алмаймыз.

(Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды)

18 наурыз 2020

Ринат БАЛҒАБАЕВ, блогер:

- Қазір карантинге алынған қалалардан аймақтарға кетіп қалуға жұмыстанған адамдарға біраз ойланыңыздар дегім келеді. Сіз қазір ауырмасаңыз да жақындарыңызға, әсіресе аға буынға, ата-әжелеріңізге қауіп төндіріп, үйдегі туыстарыңызға індет таратуыңыз мүмкін. Карантиннен жасырынып жүрген адамдармен қай жерде кездесіп қалатыныңыз да белгісіз.

Егер қалада ауруды жұқтырып алмайтындай қауіпсіз қалуға мүмкіндігіңіз бар болса, үйден шықпай, күте тұрыңыз, өзіңізге пайдалы іспен  айналысуға кеңес беремін.

(Facebook-тегі жеке парақшасында айтылды)

11 наурыз 2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

- Әлемдегі экономикалық ахуалдың күрделенуіне байланысты дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспарын әзірлеу үшін Премьер-Министр басқаратын Шұғыл әрекет ету штабын құруды тапсырдым. Мемлекет өзінің барлық  міндеттемелерін толық орындайды. Қосымша жұмыс орындары ашылады.

(Twitter-дегі жеке парақшасында айтылды)

4 наурыз 2020

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ:

- Елімізде әлі бірде-бір коронавируспен ауырған адам шықпағаны үшін медицина қызметкерлерінің атына қаншама жағымсыз сөздер айтылып жатыр... Коронавирустің елімізге кіріп, таралуы мүмкіндігін мен жоққа шығарған жоқпын. Біз басқа елдерден артық та, кем де емеспіз. Өзекті мәселелеріміз жеткілікті, алайда біз бұл сыннан сүрінбей өтуге, өз қызметімізді атқаруға мұқият дайындалып жатырмыз. Отандастарын қорғап қалу үшін адамдар қазірдің өзінде аянбай еңбек етуде. Ал жауап ретінде сенімсіздік пен кекетуге ұшырайды... Кейбіреулер өздерінің ақыл-оймен толыспаған интернет каналдарында «лайк» жинау үшін арзан хайп қуып жүр. «Лайктер» табысыңызды арттырар мүмкін, бірақ иммунитетіңізді көтермейді.

(Өзінің Facebook парақшасында айтқан)

26 ақпан 2020

Жамбыл облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ:

- Директор жұмысқа орналастырғаны үшін мұғалімнен ақша алса, одан сапалы жұмысты қалай талап етеді? 

(Өңір жұртшылығымен кездесу кезінде айтылды)

19 ақпан 2020

Алматы әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ:

Қытайда «Айқайлап сөйлеу – жеңілгеннің белгісі» деген дана сөз бар. Сондықтан да әкімдіктерде, басқармалар мен басқа да алаңдарда болған диалог көшеге шығып, митинг өткізіп, заң бұзғаннан көбірек нәтиже береді.

(Халықпен есептік кездесуінде айтылды) 

12 ақпан 2020

Ермек ТҰРСЫНОВ, кинорежиссер:

Бүгінде бүкіл әлем коронавирустың таралуына қатты алаңдап отыр, ал мені еліміздегі маргиналдық көңіл-күйдің кең таралуы мазалайды. Мәдениеттің жаппай құлдырауы барлығына әсер етті. Біздің заманымыз маргиналдар дәуірі болып есте қалатын болар. Олар барлық жерде. Саясатта, бизнесте, мәдениетте және ғылымда. Халық арасында әпербақандар көбейіп кетті. Біз бір жабайылықтан келесіге өттік. Бұл жағдайда кез келген қой бақташыны құдай, ешкіні қожайын көреді. Ал ешкілерге бәрібір ғой. Олар көгарай алқапқа ғана емес, қасапханаға да бастап апарады. Мұны есте сақтаған жөн.

(Өзінің Facebook бетшесінде айтты)

5 ақпан 2020

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан СЯО:

- Қытай инвестициялары Қазақстанда ел экономикасы мен инфрақұрылымын индустрияландыруды тез дамытуға, сондай-ақ қазақстандықтар үшін жұмыс орындарының көбеюіне септігін тигізеді. Мен Помпео мырзадан сұрағым келеді, сіздер Қазақстанда бір шақырым жол төсеп я бір көпір салдыңыздар ма? Егер шынымен қазақстандықтарға жандарыңыз ашыса, Қазақстанның ең табысты саласы мұнайға ғана көңіл бөлмей, Қазақстанның индустриясы мен инфраструктурасына да ақша құюға назар аударсаңыздар етті. Қытай сияқты елдің жергілікті экономикасына ақша құюға дәттеріңіз жете ме? Олай жасай алмасаңыздар, қазақстандықтарға қарата айтқан сөзіңіз екіжүзділік болмақ.

(АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл ПОМПЕОНЫҢ мәлімдемелеріне қатысты айтқаны)

29 қаңтар 2020

Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ:

- Тамара Дүйсенова мен Біржан Нұрымбетов жұмыс тобының атынан өте тиімсіз шешім ұсынды. Біріншіден, салымшылардың жеке меншік үй сатып алуға қабілеті бар 1 пайызы үшін ғана зейнетақы жинақтарын пайдалануға рұқсат беру ұсынылды және жалпы зейнетақы реформасын жасау туралы ештеңе айтпады. Яғни, жағдайға еш өзгеріс енгізе алмайтын тар шешім болғаны көрініп тұр. (...) Зейнетақы жүйесінің осы сәтсіздігіне кінәлі адамдар лауазымдарынан кетпей, ешқандай реформа болмайды.

(Facebook-тегі жеке парақшасында зейнетақы жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының ұсынысы туралы айтқаны)

22 қаңтар 2020

Атырау облысының ПД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының м.а. Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ:

Бірінші кезекте бізді жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі шетелдік нөмірлі көліктердің қатысуымен болып жатқаны алаңдатады. Олардың көпшілігі қалада, аудандарға жолаушылар тасымалдайды. Бұдан басқа, заңға сәйкес тіркеліп,  тиісті салық, айыппұлдар төлеп жатқан азаматтар шетелдік нөмірлі көлік жүргізушілерінің ештеңе төлемейтіндігіне наразы. Алайда енді прокуратура дерекқоры мен сақтандыру арқылы біз көлік иесін анықтап, құқық бұзушылық туралы хабарламалар жібере аламыз.

(«Жолда қабылдау» акциясы кезінде айтылды)

15 қаңтар 2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

Басқарушы қызметкерлердің саны жөнінде нормативтер жоқ. Меритократия принциптері көп сақтала бермейді. Тамыр-таныс, беделді адамдардың қолдауы арқылы қызметтік мансабы өсу жағдайлары әлі күнге дейін бар. Бұл рас қой. Мұны бәріміз білеміз. Бұған жол беруге болмайды. Мұндай жүйеге сыни талдау жасап, қоғам пікіріне де сүйенген жөн. Басқаша мүмкін емес, өйткені ең бастысы – нәтиже.

(Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесуде айтылды)

8 қаңтар 2020

Атырау облысының бұрынғы әкімі, Мәжіліс депутаты Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- Иә, Атырауда ұятсыз адамдар бар. Өзім кезінде осындай істердің куәcі болдым. Бірде туған ауылыма барып, туысқандарымның зираттарына дұға бағыштағым келді. Жол бойын қарасақ, барлық жер қоршалған. Екі сағат сым қоршаумен арпалысып, жол ашып, әрі қарай әрең өттік. Тағы бір қолында билігі бар адам Талғайраңда үлкен жер телімін алып, кейін 8 сотықтан бөліп сатқанын да білемін...

(Атырау педагогтарымен кездесуде айтылды)

31 желтоқсан 2019

Bek Air әуе компаниясы басшысы Нұрлан ЖҰМАСҰЛТАНОВ:

- Ұшақ шассисіз немесе қозғалтқышсыз қонуы мүмкін, алайда ғимаратқа соққанда зақым келмейтіндей жобаланбайды. Ұшақтар үймен соғысуға арналмаған. Егер оған соқпағанда бортқа зақым келмей, бәрі аман қалар еді.

(Алматыдағы ұшақ апатынан кейін болған баспасөз конференциясында айтылды) 

25 желтоқсан 2019

ҚР энергетика министрі Нұрлан НОҒАЕВ:

- Атырауда «Орал экспансиясы» болған жоқ. Белгілі бір өңір өкілдерінің экспансиясы туралы әңгімелермен келіспеймін. Өйткені лауазымға тағайындау кезінде мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес белгілі бір рәсімдер орындалады. Барлық тағайындалған адамдар осы рәсімнен өтті. Бұлардың әрқайсы өздерін ұсынып, конкурсқа қатысуға құқылы еді. Денсаулық сақтау бөлімінің басшысы ғана (Атырау облысы) жалғыз болды. Біз ешкімге тыйым салмадық.

(Үкімет отырысының сыртында айтылды)

18 желтоқсан 2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Біз жақсы өмір үшін барлық жағдайды жасадық. Сондықтан алға ұмтылып, жаңа белестерді бағындырыңыздар. Ең бастысы – еліміздегі бірлікті, бейбітшілікті және келісімді сақтаңыздар. Мұның барлығы – тәуелсіздігіміздің жетістігі мен алға қарай дамуымыздың кепілі.

(Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концертте айтылды)

11 желтоқсан 2019

Доссор кентінің тұрғындары:

- Қашан да келесі жылы қарастырамыз деп шығарып салады. Бірақ одан өзгеріп жатқаны шамалы. Оның үстіне кент әкімі тұрақтамайды, келген әкім уәде береді, келесіде барсаң, басқа адам отырады.

(«Бірлік» ықшамауданы тұрғындарының «АЖ» тілшісіне айтқаны)

4 желтоқсан 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

- Тұңғыш президентті сынауға бола ма?

- Қазақстан азаматтары тұңғыш президентті сынап жатады. Мұны тоқтату мүмкін емес, өйткені әлеуметтік желілер, интернет бар. Жалпы, интернет өмірімізге көп өзгеріс әкелді.

- Бұл оң өзгерістер ме?

- Әрине, бұл тоқтату мүмкін емес ғылыми-техникалық өрлеу ғой.

(Deutsche Welle-дегі  "Немцова. Интервью" бағдарламасында айтылды)

27 қараша 2019

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

- Біз көтерілген проблемалардың бәрін полицияға тіреп қоямыз. Көшеде ішіп тұрған адамға бұл ісі дұрыс еместігін айтып, ескерту жасау керек қой.Телеграм-чатта «подъезде біреу темекі тартады, дәрет сындырады» деп шағымданатындар бар. Әкімдік пен полиция қайда қарап отыр деп жекиді. Әр кіреберіске полиция қоя алмайсың, әркім өз үйіндгіе тәртіпті қадағалауы керек.

(Құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды)

20 қараша 2019

ҚР балалар құқығы жөніндегі уәкілі Аружан САИН:

- Егер көптеген адамдардың пиғылдары мен үнсіздіктері болмағанда, біз балалар үйлерін баяғыда-ақ жабар едік. Мен осы мекемелерде тәрбиеленіп жатқан балалардан ұяламын, оларды отбасыларда тәрбиелеп өсіруге мүмкіндік бар. Сіздер әзірге отырыстарда талқылай беріңіздер, ал біз бәрі бірдей бұған бей-жай қарамайды деп үміттенеміз, жүйе балаларға зиян келтіріп жатыр.

(Facebook-те Мәжіліс депутаттарына арнап айтқаны)

13 қараша 2019

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Төлем карталарын ұстаушылардың басым көпшілігі несиемен өмір сүреді. Бұл банктер мен бір-біріне қарыз сатып алушыларға да, кәсіпкерлерге де қатысты нәрсе. Құрметті салық қызметкерлері, төлем карталарына бақылау жасамақшысыздар, жасырын миллионерлерді басқа жерден қараңыздар. Бұл адамдар мемлекеттен ештеңе сұрамай, өз напақаларын өздері тауып жүр. Одан да миллиондаған пара сұрап, миллиардтарын оффшорға шығаратындарды іздеңіздер.

(Мәжілістің пленарлық отырысында айтылды)

6 қараша 2019

АҚШ президенті Дональд ТРАМП:

- Білесіздер ме, Қазақстан - өте бай ел. Менің соңғы сапарым кезінде олардың барлығы (кім туралы екенін нақтыламады - Sputnik) «рахмет» айтты. Алайда олар бізге неге төлемейді? Олар неге күреспейді?

(АҚШ қорғаныс министрінің экс-спичрайтері Гай Снодграстың кітабынан үзінді)

30 қазан 2019

Атырау облысы әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

- - Елбасы, “Nur Otan” партиясының төрағасы, партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті түбегейлі күшейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «егер қол астындағы қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталса, мемлекеттік қызметші отставкаға кетуге өтініш беруі тиіс, шешімді басшылық шығарады» деген тапсырмасы бар. Егер бұл адамдардың (қазір сотталып жатқан білім саласы басшылары мен қызметкерлері – «АЖ») кінәсі дәлелденсе, мен жауапкершіліктен қашпаймын.

 («АЖ»  сұрағына берген жауабы)

23 қазан 2019

Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Абай САФИН (брифингте берген жауабынан):

- Осы газ шығарындылары болған кезде өзіңіз қаладан иіс сезесіз бе?

- Әрине, ауада иіс бар екенін сеземін. Шағымдар бойынша шығамыз, санитарлық қорғау аймағының шекарасында өлшеу жүргіземіз: иіс бар, бірақ шектен шықпаған. Біздің бекеттеріміз шығарынды көзі туралы нақты ақпарат бере алмайды... Тіпті, қазір «Қазгидромет» мөлшерден асқандығын көрсетсе де, қай нысаннан шығып жатқанын іздеуге тура келеді. Тауып болғанша, шоғыр тарап кетеді.

18 қазан 2019

Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ, ТШО-ның жұртшылықпен және үкіметпен байланыс жөніндегі бас менеджері:

- «Теңізшевройл» ананы-мынаны салу керек деп жиі айтады. Алайда ол ешкімге міндетті емес, ал жергілікті әлеуметтік қажеттілікке салынып жатқан қомақты қаржылар ерікті түрде бөлінеді. Біздің бірнеше бағдарламамыз бар, сол бойынша түрлі нысандар саламыз. Біз миллиардтаған салық төлеп жатырмыз, қайда кетіп жатқанын мемлекеттік органдардан сұраңдар.

(ТШО өкілдерінің жұртшылықпен кездесуінде айтылды) 

9 қазан 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

Біз ең бірінші кезекте, дәл осы елорданы газдандыру жайында ойлауымыз керек еді. Өйткені, қыста не орын алатынын жақсы білесіздер: қала түтінге оранып, ең алдымен, тұрғындардың, сондай-ақ қаламызда тұратын дипломатиялық корпус, шетелдік-экспаттар алдында ыңғайсыздық туындайды. Бұл өзімізді халықаралық хаб, глобал сити, Еуразияның жүрегі, орталығы деп танитындығымызға сын. Яғни, іс пен сөз қабыспай жатыр, бұл дұрыс емес.

(Астананың әрі қарай дамуы мәселелері жөніндегі жиында шенеуніктерге айтқаны)

2 қазан 2019

Гүлнар ЖАКИЕВА, «Ұлттық медицина қауымдастығы» ҚБ Атырау филиалының президенті:

- Қазір аурулар бұрынғыдай емес, басқаша дамиды. Бұған әр адамның өз реакциясы болуы мүмкін. Ал пациенттер интернеттен түрлі нәрсені оқиды да, дәрігерлерге қалай емдеуді үйретеді, содан соң оларды сотқа береді. Дәрігерлердің мәртебесі құрдымға кетті. Медицинадан бейхабар адвокаттар, судьялар көп нәрселерді түсінбейді. Сондықтан Атырау облысында дәрігерлер мен пациенттер арасындағы дауларды сот ісіне жеткізбей шешу үшін медициналық медиация ашу қажет деп санаймын. Мұндай қызметтер қазір бізден басқа облыстардың бәрінде бар.

(«Дәрігерлер мен пациенттер - әркімнің өз шындығы бар» дөңгелек үстелінде айтылды)

25 қыркүйек 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

- Мен жаңа президент ретінде ең алдымен заманауи әлеуметтік мемлекет құруға мүдделімін. Менің негізгі мақсатым – миллиондаған отандастарымның кең ауқымды реформалардың игілігін көріп, мықты экономикасы, жоғары сапалы білімі және заманауи медицинасы бар қоғамда еш кедергісіз еркін өмір сүруіне қол жеткізу.

(Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында айтылды)

18 қыркүйек 2019

Руслан ДАЛЕНОВ, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Біз алдымызға 2025 жылға қарай үздік жиырмалыққа кіру мақсатын қойдық. Бұл бүгінде Финляндия, Австралия және Латвия сияқты елдердің деңгейі. Сауда мен көлік инфрақұрылымының дамуы жағынан Қазақстан 2025 жылы үздік 40-қа кіруі қажет. Израиль, Исландия және Малайзия сияқты елдермен қатар тұрамыз. Бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан да Қазақстан топ-40 арасында болуы керек. Яғни, Италия, Эстония және Чили елдерінің деңгейіне жетеміз.

(Үкімет отырысында айтылды) 

11 қыркүйек 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

- Соңғы уақытта "жер шетелдіктерге сатылады екен" немесе "көрші елдің 55 ескі зауытын көшіреді, оған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен" деген сияқты қауесет әңгімелер тарап жүр. Халқымыз мұндай даңғаза әңгімелерге ермеуі қажет. Ондай алып-қашпа әңгімелерді пейілі жаман адам таратады. Олар халықтың патриоттық ұстанымына шебер манипуляция жасап, эмоцияға тез берілетін, сезімтал адамдарды өз мақсаттарына жету үшін пайдаланады. 

(Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 1-отырысында айтылды) 

4 қыркүйек 2019

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир БОЖКО:

- Биліктің не істеп жатқанын көріп-түсіну үшін жақсылап ойланған жөн. Бір-ақ санға назар аударыңыз – халықты әлеуметтік қорғау соңғы үш жылда 17 есе артыпты. Ғапу етіңіз, бұл үшін тізе бүгіп, мемлекетке алғыс айту керек. Түк нәрсе істемей, кейін «маған бәрін бер» деп дүрсе қоятын адамды орнына қоятын қоғамдық пікір болғаны жөн.

(Қазақстан халықтары ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы сырытында айтылды)

28 тамыз 2019

Ермұхамбет ЕРТІСБАЕВ, ҚР-дің Белорусьтегі бұрынғы елшісі:

- Қазақстан электоралдық революция кезеңіне өтті, Ресей де солай. Украина, Грузия, Арменияда бұл үдеріс ертерек болды. Электоралдық революция деп адамдардың көп бөлігі тек сайлауға қатысып қана қоймай, сайлаудың барлық процесін, әсіресе, дауыс санауды бақылауда ұстауға тырысатынын айтамын. Халық биліктің қайнар көзі екенін түсінді және мұны шынайы қалыптастырып, барлығын өз қолына алғысы келеді. Алда болатын парламент және жергілікті билік органдарына сайлау үлкен сынақ болары сөзсіз.

(Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында айтылды)

21 тамыз 2019

Қазақстанның Бірінші Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Қазір отыз жыл бұрынғыдай «Маған бер, көп балам бар, жалақым аз, бер" деп ұрандайды. Ал бұрын қайда қарадың? Бұл сенің проблемаң емес пе, кезінде мемлекеттен кеңес сұраған жоқсың ғой. Егер мемлекет өз міндетін орындап, беріп жатса, "жоқ, аз, тағы бер" дейді.

(Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды)

1...678...17