Атырау, 19 сәуір 23:25
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Барлық дәйексөздер

14 тамыз 2019

Саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ:

- Мен үшін бұл – биліктің қоғаммен диалог жүргізе бастағанын көрсету үшін пайдаланғысы келетін жалған құрылымы. Бірақ кеңес құрамында азаматтық пікірі айқын, ары таза, қоғамды өзгерткісі келетін бірнеше адам да бар. Бұлар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде нақты мәселелер көтеріп, консервативтік билікке соққы беруге жұмыс істей алады. Олар өз ұсыныстарының билік тарапынан қабылданбағаны үшін Ұлттық кеңестен шықса, бұл қоғамда билікке қарсы жаңа наразылық талаптарының тууына себеп болуы мүмкін.

(Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жайлы «Азаттық радиосына» берген сұхбатында айтылды)

7 тамыз 2019

Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА, Атырау облысы әкімдігінің  денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Дәрігерлердің барлығының дерлік жеке көліктері бар. Біз стационарларды дәрігерлердің мүдделеріне қарай салуға тиіс емеспіз, пациенттер үшін тырысуымыз керек. Бұл жер өзеннің сол жағалауы қарқынды дамып жатқандығы ескеріліп, таңдалды.

(Талқайраң поселкесінде жаңа облыстық аурухана құрылысына қатысты «АЖ» сұхбатында айтылды)

31 шілде 2019

Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, Президент әкімшілігінің басшысы:

Ғабидолла Әбдірахымов ел билігінен қолдау тауып, таудай сенім арқалады. Өкінішке қарай, мұны өзі жеткілікті түрде ұғынған жоқ. Оның қылықтары БАҚ пен әлеуметтік желілерде егжей-тегжейлі жарияланып жүрді. Мұның бәрі дәл қазіргі уақытта – халық мемлекет қолдауына мұқтаж болып отырғанда, Арыс енді ғана еңсесін тіктеп, Түркістан жаңарып, еліміз жаңа заманның сын-қатеріне жауап іздеп жатқанда болды. Бұл - Мемлекет басшысының тапсырмаларына кереғар, биліктің абыройын түсіретін жағдай. Бүгінде Ғабидолла Әбдірахымовқа артылған саяси сенім шегіне жетті.

(Шымкент қаласының жаңа әкімін таныстыру кезінде айтылды)

24 шілде 2019

Мұхтар ЖӘКІШЕВ, «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы:

- Шындық – бұл кесел емес, оны егуге немесе жұқтыруға болмайды. Шындық әрқайсымыздың ішімізде. Әр адам өз таңдауын жасауға құқылы. Шын сөзді сыбырлап айтсаң да, жаңғырығы жер жарады деп есептеймін.

(Оны шартты-мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қараған сот отырысында айтылған. 24 шілде 2019 жыл)

18 шілде 2019

Экономист Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ:

 - Ұлттық кеңес құрамында бұқара халық сенбейтін тұлғалар бар кезде бұл ұйымды Ұлттық сенім кеңесі деп атау дұрыс емес. Жартылай сенім деген болмайды. Сонымен қатар, Ұлттық кеңес құру – қоғаммен тығыз байланыста болуы тиіс Парламент пен мәслихаттардың тиімсіз екенін мойындау.

(Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруға қатысты айтқаны) 

17 шілде 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

Азаматтарымыздың еңбек құқықтарын қорғауға үлкен көңіл бөлген жөн. 4 маусымда Атырау қаласында бірдей еңбек ететін жергілікті және шетелдік жұмысшылардың жалақысын әділ беруді тапсырған болатынмын. Үкіметке бұл мәселені соңына дейін анықтауды тапсырамын. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин – ред.), еңбек жағдайы, жұмысшылардың жалақысы бойынша егжей-тегжейлі сараптама жасауыңызды сұраймын. Егер инвесторлармен жасалған келісімшартқа өзгеріс енгізу қажет болса, мұны күн тәртібінен түсірмеген жөн. Әрине, бұл оңай жұмыс емес, түсінемін, бірақ бұл мәселені шешу қажет

(Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды)

10 шілде 2019

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ:

- Бұл жерде (Арыстағы жарылыс) ешкімді кінәлауға болмайды, бұл – табиғи құбылыс, арсеналдың барлығы қауіпті. Мен әзірге кешірім сұрайтындай еш себеп көріп тұрған жоқпын.

(Парламент мәжілісінің сыртында айтылды)

3 шілде 2019

Атырау облысы әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

Мемлекет басшысының бірдей жұмыс істейтін мамандардың азаматтығына қарамай, бір мөлшерде лайықты еңбекақы төлеу жөнінде тапсырмасы бар. Иә, белгілі бір қызметтік иерархияға келісемін, барлығын теңестіруге болмайды, бірақ әділдік болуы тиіс. Бір ұжымда бірдей жұмыс істеген екі адамның бірі 300 доллар, екіншісі 3000 доллар алмауы керек, адамдар көріп отыр.

(Ірі мұнай компаниялары мен олардың мердігерлерімен өткізген жиналыста айтылды)

26 маусым 2019

Блогер Ғалым АҒЕЛЕУОВ:

- Адамгершілік тұрғыдан биыл Астана күнін тойламау дұрыс болатын сияқты, осы мерекені атап өтуге бюджеттен бөлінетін қаржыны Арыс қаласын қалпына келтіруге пайдаланған жөн. 

19 маусым 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

- Демонстранттар турасына келсек – иә, олар наразылық білдіріп көшеге шықты. Қазір митингіге қатысқандардың талаптары қаралып жатыр. Негізінен бұл – әлеуметтік сипаттағы талаптар. Бұл мәселелердің бар екенін жоққа шығармаймын. Жалпы айтқанда, олар адамдардың кедейленуінен туындап отыр. Олар үкіметтен көкейтесті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуді сұрайды. Билік мұны естіді. Осы бағытта жұмыс істейтін боламыз.

(Euronews телеарнасына берген сұхбатында айтылды)

12 маусым 2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

- Маған зор сенім артып, қолдау көрсеткен барша Қазақстан халқына алғыс айтамын! Бұл сайлау, шын мәнінде, демократия талаптарына сай өтті. Сайлау алаңында нағыз ашық бәсекеге түсу мүмкіндігі болды. Саяси бағдарламалар сайысқа түскен әділ дода болды.

(2019 жылы 12 маусымда ҚР Президентін ұлығылау рәсімінде айтылған)

5 маусым 2019

Саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ:

- Бірыңғай қаржы нарығын құру туралы әңгіме қозғалғанда Ресей бірыңғай валюта жасау тақырыбын алға тартқанды ұнатады. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, Белоруссияда да қарсы әсерлер туғызды. ЕАЭО аясында бірыңғай валютаның пайда болуы – бұл экономикалық тәуелсіздік тұрғысынан үлкен қатер.

(«Караван» медиа-порталына берген сұхбатында айтылды)

29 мамыр 2019

Қазақстанның Бірінші Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Мен еліміздің өркендеуі үшін жұмысымды жалғастырамын. Алайда елімізде ешқандай қосбилік болмайтынын атап айтқым келеді. Барлығымыз халық сайлаған президентке жұмыс істейміз.

(үміткер Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ республикалық қоғамдық штабына барған кезде айтылған)

22 мамыр 2019

Украина президенті Владимир ЗЕЛЕНСКИЙ:

- Депутаттардың қолсұғылмаушылығы туралы заңды жойып, заңсыз баю туралы заң қабылдауды өтінемін... Кабинеттеріңізге менің суретімді ілмеңіздер. Президент - мінәжат ететін нәрсе емес.

(20 мамырда президентті ұлықтау рәсімі кезінде айтылды)  

15 мамыр 2019

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ:

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі байланысқа жауап бермейді. Бұл - біздің міндетіміз емес. Сондықтан бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Бірақ, провайдерлердің хабарлауынша, техникалық ақаулар болғаны рас.

(Үкімет отырысының сыртында 9 мамырдағы бірқатар қазақстандық сайттардың, соның ішінде «АЖ»-дың бұғатталуы туралы айтқаны)

8 мамыр 2019

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі басшысы Болатбек БЕЛДІБЕКОВ:

- Құқық бұзушылықты жасаудың объективті жағы олардың бос плакатты көрсетуі емес, «Қазақстанда демократия мен сөз бостандығының жоқтығы туралы» саяси пікірі болып табылады, ол қоғамдық орында өз пікірін білдірді.

(Жазуы жоқ плакат ұстаған белсендіні ұстау туралы айтқаны)

1 мамыр 2019

Қазақстанның Бірінші президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Қытай – тек көрші және экономикалық әріптесіміз ғана емес, Қазақстанның сенетін және сүйенетін жақын досы.

(Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі кезінде айтылды)

24 сәуір 2019

Саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ:

- «Бейбіт революцияның болғанын қаламайтындар қарулы төңкерісті жақындата түседі» деген керемет афоризм бар. Қазір Қазақстанда эволюциялық дамудың барлық шарттары қалыптасқан. Көпшілік тұрақтылыққа дауыс беруге дайын, бірақ тоқырауға емес. Барлығы дамуға әкелетін тұрақтылықты қалайды.

(АРТиШОК театрында алдағы сайлауды талқылау кезінде айтылды)

17 сәуір 2019

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш ШАМШИДЕНОВА:

- Біз ондай кештер тек мектептің аумағында ғана өтуі керек деп санаймыз. Артық ақша шашудың да қажеті жоқ. Аста-төк отырыс жасамау керек. Қымбат көйлек алудың да қажеті шамалы. Түлектер кеші өзара бәсеке үшін жасалмайды. Мектеппен қоштасу кеші жанға жайлы кездесу болып өтуі керек. Балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің салиқалы бір отырысы болуы қажет.

(Үкіметте өткен брифингте айтылды)

10 сәуір 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен мемлекет басшысы ретінде сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін. Бұл – менің берік ұстанымым.

(9 сәуірде республикалық телеарналар эфирінде айтылды)

3 сәуір 2019

Қазақстанның Бірінші Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- ...Ешкім білмейтін Қазақстан бүкіл әлемге танымал елге айналды. Қазақ деген халық бар екенін ешкім білмеді, - міне, қазір бәріне таныс. Қазақтардың бармаған, демалмаған жері жоқ, балалары әлемдік жоғары оқу орындарында оқиды, шетелде ем алады. Мұның барлығы еліміздің гүлденуі мен деңгейінің көтерілуіне байланысты.

(Алматы облысы Шамалған ауылы тұрғындарымен кездесуде айтылған)

27 наурыз 2019

ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ:

- Қазір ең басты мәселе - оны қалай тоқтатуда болып тұр. Бірінші орынбасарым сол жақта, оқиға орнында. Ол жұмыс істеп жатыр. Бүгін сол жерде штаб қандай да бір негізгі шешім қабылдайтын болады. Видеода газ, газ-су қоспасы жанып жатыр. Зардап шеккендер жоқ, ол жерде кәсіби мұнайшылар жұмыс істейді. Елді мекен алшақ орналасқан. Мұнан үлкен трагедия жасаудың қажеті жоқ. Мән-жайды анықтаймыз, кінәліні анықтаймыз. Олар шығынды өтейтін болады.

(Қаламқас кен орнындағы өртке қатысты айтқаны)

20 наурыз 2019

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

- Біздің ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін келесі жолдармен мәңгі есте қалдыру дұрыс деп санаймын. Біздің астана Президентіміздің есімімен Нұрсұлтан деп аталуы керек. 

(Парламент палаталарының біріккен отырысында айтылды)

13 наурыз 2019

Саясаттанушы Досым САТПАЕВ:

- Егер біз өзіміздегі тәуелсіз және бәсекеге қабілетті БАҚ-ты қолдамасақ, ертең ақпараттық боданға айналамыз, арғы күні егемендігімізді жоғалтамыз.

(«Информбюро» сайтына берген сұхбатында айтылды)

6 наурыз 2019

ҚазҰУ жанындағы биология және биотехника ҒЗИ басшысы Амангелді БИСЕНБАЕВ:

- Бізге бір нәрселер жасауға өтініш жасады, ІІД-мен бірге істеп жатырмыз. Біздің жасап жатқанымыз – істің бір бөлігі ғана, қызу жүріп жатыр деп айта алмаймын, зертханамыз да жоқ, біздегі деректер жалпы жұмыстың 10%-ы ғана. Бұдан қорытынды шығару қиын.

(Жайықтағы балықтың қырылуын зерттеуге қатысы туралы Астанадағы «АЖ» меншікті тілшісіне айтқаны)

27 ақпан 2019

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті:

- Неге бір облыстарда жол жақсы, басқаларда нашар. Неге бір жерлерде ТКШ тұрақты жұмыс істейді, кей жерлерде керісінше? Демек, шынайы жұмыс істеп, адамдардың проблемаларын білетін және шешетін әкімдермен бірге жұртшылықпен байланыстан қашатын, өңір тұрғындарының нақты қажеттіліктеріне көңіл бөлмейтін басшылар да бар деген сөз.

(«Нұр Отанның» XVIII съезінде айтылды)

20 ақпан 2019

Саясаттанушы Досым САТПАЕВ:

Барлық өтіп жатқан әкімдердің жұртшылықпен есептік кездесуі халықпен араласып жатырмын деген жәй көзбояу ғана. Қазақстанда көп жасалатын кезекті фейк, жалған іс. Әкімдерді адал да бәсекелі сайлауда халықтың өзі сайламайынша, олар әрқашан президент алдында ғана есеп береді. Былықтырған кездерінде де кешірімді халықтан емес, президенттен сұрайды. Бізде,тіпті, жемқорлықпен сотталғандар да президенттен мейірімділік күтеді. Бірақ ұрлағаны халықтың дүниесі.

(Facebook-гі жеке парақшасында айтылған)

13 ақпан 2019

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина ӘБІЛҚАСЫМОВА:

- Әрине, қоғамдағы ең күрделі мәселелер біздің министрлікке қарайды, біз халықтың ең әлсіз топтарын әлеуметтік қорғаймыз. Осыған байланысты сынды да жиі естиміз. Ең бастысы, біз осы сыннан ой түйіп, қорытынды жасаймыз, жағдайды жақсартуға тырысамыз. Алдағы уақытта мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданады.

(Министрлік жұмысына тағылған сындар мен отставка кету туралы талаптарға қатысты айтқаны)

6 ақпан 2019

Саясаттанушы Досым САТПАЕВ:

- Астанадағы бес қыз баланың өліміне байланысты жантүршігерлік қайғылы жағдай балаларымыздың қорғансыз екенін, олардың қауіпсіз ортада өсулері үшін мемлекетіміздің ештеңе жасамайтынын көрсетті. Барлық жер қауіпті. Көшеде, мектепте, ауруханаларда. Жасалғандардың бәрі атақ үшін ғана. Осы сектордағы тұрғын үйлерді өрт қауіпсіздігі бойынша тексеру өрттен кейін қолға алынды. Әдеттегідей, бәрі келесі қайғылы оқиғаға дейін қопарып жұмыс жасағанның түрін көрсетеді.

(Facebook-тегі жеке парақшасында айтылды)

30 қаңтар 2019

Әбділдә Мұқашев: 

- Журналистика – табысы тура дұшпандар санына пропорционал көбейетін кәсіпкерлік қызметтің бірден-бір түрі.

(Жазба кітапшасынан)

23 қаңтар 2019

Атырау облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ:

- Жекеменшікке өтті екен деп клубқа ақша бөлмеу дұрыс емес... Сіз айтып отырған сома соншалықты көп қаржы емес, №1 спортты қолдау үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлуге жағдайымыз толық жетеді.

(«Атырау» ФК-ны облыстық бюджеттен қаржыландыруға байланысты айтқаны)

16 қаңтар 2019

ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының орынбасары Нариман ЖҮНІСОВ:

- Зертханалық зерттеу қорытындысы бойынша өзен суында хлоридтер шоғырлануының артуы байқалса, балық өлекселерінен аммиак іздері табылды. Бұл факт бойынша полиция екі қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр. Мұның өзеннің улануынан болғаны анық, алайда у қайдан төгілді, кім кінәлі - әзірге белгісіз.  

(«Ақ Жайық» газетіне берген сұхбатында айтылған)

9 қаңтар 2019

Атырау облысының бас штаттан тыс педиатры Раиса БАЙМҰХАНОВА:

- Атырау облысында 2018 жылы 5 жасқа дейінгі 206 бала өлді, олардың ішінде 1 жасқа дейінгілер – 176; 2017 жылы 146 бала, олардың 114-і жасқа дейінгілер. Бұл жерде дәрігерлерді біліксіз деп айту орынсыз. Олар өз міндеттерін жақсы атқарады, барлық қажетті медициналық көмекті көрсетеді. Әр сәбидің өліміне олар да қайғырады.

(Облыстық перинаталдық орталықтағы нәрестелер шетінеуіне байланысты өткен брифингте айтылды) 

1 қаңтар 2019

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Президент сайлауы 2020 жылдың желтоқсанында өтеді. Оған әлі екі жыл бар! Біз нені айтып жүрміз? Жақындасын, сонда сөйлесеміз.

(Ақордада журналистермен кездесуінде айтылған)



26 желтоқсан 2018

ҚР Премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ:

Мәселе бұл өңірлерде (Қызылорда, Атырау облыстары) ең төмен тарифтің қолданылатындығында емес, адамдардың Елбасы тапсырмаларынан не күтетіндігінде. Егер олар ПИК және басқа да қызмет көрсету тарифтерін төмендету бойынша тиісті шешімдер қабылдамаса, Елбасының тапсырмасын орындамады деген сөз. Құрметті әкімдер, бұған жеке жауап бересіздер... Неге басқа өңірлер мәселенің шешу жолын тапты, ал кейбіреулер әртүрлі сылтау айтып отыр. Монополистердің жетегінде кеткені ме?

(Үкімет отырысында облыс әкімдеріне айтқаны)

1...789...17