Атырау, 9 мамыр 10:07
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Американдық концерт

2 173 просмотра

13 ақпан күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен «Лора Кортез және Би бағдарламасы» ұжымының тегін концерті өтті.

ЖАЙДАРЛЫ ЖҮЗДЕСУ

«ЛораКортезжәнеБибағдарламасы» – шектіаспаптардаойнайтынқыздардыңтриосы. Трио құрамындағы Лора КОРТЕЗ (суретте ортада) бен Мариель ВАНДЕРСТИЛ скрипкада, ал Валери ТОМПСОН виолончельдің құлағында ойнайды. Аспапта ойнап қана қоймайды, тамаша дауыста ән орындайды. Топ репертуары, олардың айтуынша, тек өздерінің шығармаларынан құралған. Туындыларын олд-тайм, блюграс, кантри, кельттік және камералық фолк стилінде өңдеп, оларды бір-бірімен араластырып, дәстүрлі америкалық музыканы көрерменге жан-жақты ұсынады. Кішкентайларынан музыкаға ғашық болып өскен қыздар Бостон қаласындағы Беркли музыка колледжінің түлектері, ал Валери осы қаладағы Жаңа Англия консерваториясының магистратурасын виолончель класы бойынша тәмамдаған. Бір-бірімен танысқандарына көп уақыт өтсе де, олар топ болып 2010 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Драма театрында өткен концертке жергілікті көрерменмен қатар қаламызда жұмыс жасап жатқан шетелдіктердің де біразы жиналыпты. Шараны облыстық мәдениет басқармасының басшысы Алтынбек НЫСАНҒАЛИЕВ пен Қазақстандағы АҚШ елшілігі атташесінің орынбасары Дрю Натаниел ПЕТЕРСОН ашты. Бұдан соң, орындаушылар сахнаға шығып, көрерменмен тығыз байланыс орнатуды көздеп, бірге ән айтып, суретке түсті, биледі.

 

ҮНДІСТАННАН ӨЗБЕКСТАНҒА САПАР

Біздің қалаға келгенге дейін трио АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен әлемнің көптеген елдерінде өнер көрсеткен екен.

- Біздің ел аралап жүргендегі мақсатымыз – мәдениетімізді, музыкамызды әлемге танытужәне өзге елдің дәстүрімен, салтымен, мәдениетімен, музыкасымен, музыкалық аспаптарымен танысу. Барған жерімізде студенттермен, көрерменмен сөйлесіп, тәжірибе алмасып, көп нәрсе үйренуге тырысамыз. Мәселен, кеше ғана біз жергілікті кітапханада студенттермен кездесу ұйымдастырдық. Бізсіздерге келгенге дейін Үндістанның бірнеше қалаларында болған едік. Ол елден кейін Қазақстанға бой үйрету қиын болды, себебі Қазақстан өте үлкен мемлекет, жері кең, ал халқының орналасу тығыздығы өте төмен, - дейді Лора. Алдыңғы күні Ақтау қаласында, міне, бүгін Атырауда, енді ертең Астанаға концерт қоймақшымыз. Одан кейін Бангладеш және Өзбекстан елдеріне жолға шығамыз.

Олар бәрі бірдей қазақстандықтардың жайдарлы да қарапайым екендіктерін, концерт барысында көрерменнің қол соғып, әндердің ырғағына қосылып отырғандарын жеткізді. Бір қызығы, Америкада көрерменнің ықыласына бөлену өте қиын екен, ол жақта концерт тамашалауға келгендер көп жағдайда тыныш отыратын көрінеді. Қыздарға, әсіресе, қазақтың тағамдары ұнап қалыпты.

- Мен қымыз бен шұбат іштім, бауырсақты да жедім, жылқы етінің де дәмін таттым, өте дәмді, - дейдіЛора. Осы арада оларға қымыз бен шұбаттың емдік қасиеттері туралы толықтай айтып бердім.

 

БОСТОН ЖӘНЕ АТЫРАУ

Әңгіме барысында мен Бостон марафонында жарылыс ұйымдастырған лаңкеске көмектесті деп айыпталып отырған екі қазақстандық туралы, олардың бірі Атыраудан екенін айтып, бұл жөніндегі ойларын білмек болдым. Сол кезде аудармашы да, қыздар да, планшетінен бас көтермей отырған атташенің орынбасары да маған қарай жалт қарады. 

- Біз Мариель екеуміз ол уақытта гастрольдік сапармен басқа қалада жүргенбіз, сондықтан біз үшін ол оқиға фильм көргендей әсер қалдырды. Біз, әрине, оның бәрі туған қаламызда болып жатқанын, біздің достарымыз бен туыстарымыз зардап шегуі мүмкін екенін білдік, түсіндік. Бірақ біздің қолымыздан ештеңе келмейді ғой, - дейді Лора.

Ал Валери бұған мынаны қосты:

- Мен сол уақытта Бостонда, өзімнің университетімде болғанмын. Маған туыстарым, жақындарым қайта-қайта телефон соғып, қайда екенімді, жағдайымды сұрап жатты. Алғашында не болғанын түсінбедім, кейін маған бәрін айтып бергенде қатты қорыққаным рас.

- Жалпы бұл оқиға қазіргі уақытта жаңалықтарда көп айтыла бермейді. Ал біз өз арамызда ол жағдайды көп талқыламаймыз, себебі біздің талқылайтын мәселеміз мүлдем өзгеше. Ал біздің қазақстандықтарға деген көзқарасымыз осы сапар барысында жақсы жағынан  қалыптасты, - деді Лора.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

20 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.