Атырау, 27 желтоқсан 03:24
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Украина үкіметін уақытша Сергей Арбузов басқарады

2 032 просмотра
Украинаның премьер-министрі міндетін вице-премьер Сергей Арбузов уақытша атқара тұрады. Бұл туралы "Интерфакс-Украина" агенттігіне отставкаға кеткен экс-премьер Николай Азаровтың баспасөз хатшысы Виталий Лукьяненко хабарлады. 

Ел конституциясы бойынша, премьер отставкаға кеткен соң үкімет те тарауы тиіс болатын. Бірақ Лукьяненконың айтуынша, президент Виктор Янукович министрлер кабинетіне жаңа үкімет құрылғанша жұмыс істей беруді тапсырған. Ол бүгін, 29 қаңтарға белгіленген үкімет отырысын Арбузов жүргізуі мүмкін екенін айтады.

28 қаңтарда Николай Азаров "елдегі саяси дағдарысты бейбіт реттеуге мүмкіндік жасау үшін" отставкаға кетуге өтініш білдіріп, президент оны мақұлдаған.

Украина билігі өткен жылдың қарашасында Еуропа одағымен ассоциация келісіміне қол қоюдан бас тартқаннан бері наразылық танытып келе жатқан демонстранттар әуелден үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен.

Кеше Украина Жоғарғы Радасы төтенше отырысында бейбіт жиын өткізуді шектеп, оған байланысты жауапкершілікті қатаңдататын, демонстранттар "демократияға қарсы" деп таныған заңдардың біразынан бас тартты.

Бұл заңдардан бас тарту жайы оппозиция өкілдері мен президенттің кездесуінде талқыланған еді.

Дереккөз: Baq.kz

29 қаңтар 2014, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.