Атырау, 5 мамыр 03:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Маусым аяқталды

2 616 просмотра

24 қараша күні Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрында «Жайдарман» ойындарының Атырау мектеп лигасы мен «Каспий» аймақтық лигасы бойынша ақтық мәресі өтті. 2013 жылдың чемпиондары анықталды.

Ойын “Қазақстан КВН Одағы” Республикалық жастар  қоғамдық бірлестігі Атырау филиалының ұйымдастыруымен өтті. Мектеп лигасында өнер көрсеткен «Барбарис» Атырау құрамасы осы жылдың чемпионы атанды. Қазылар алқасы бұл топты ерекше атап өтті. Ал, 2-орынды Кіші өнер Академиясының оқушыларынан құралған «Өнерпаз» тобы иемденді. Айта кету керек, бұл топ алғашқы сәлемдесу бөлімінде сәтті ойын көрсеткен болатын. Алайда, кейінгі бөлімдерде өз салмағын жоғалтып алды. 3-орын Сағыз селосынан келген Кенбай жастар құрамасына тиді.

Ал «Каспий» аймақтық лигасы бойынша Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінің «АИГИ жастары» тобы чемпион атағына ие болды. 2-орынды Маңғыстау облысы, Оңды ауылынан келген «Қазақ қыздары» тобы жеңіп алса, 3-орын мектеп оқушыларынан құралған «Тема» тобына бұйырды. «Жанкелдин» мектеп құрамасы және Маңғыстау облысынан келген «Болашақ жастары» тобы мен Ақтөбе облысы, Шалқар қаласынан келген «Шалқар» құрамасы финалистер атанды.

Жеңімпаздарға кубок табысталды, ал финалистер 2014 жылғы маусымның ойындарына жолдама алды.

Айнұр САПАРОВА

28 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.