Атырау, 9 мамыр 12:16
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Ұмытылмас кеш

2 919 просмотра

Мен Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрында өткен Астана қаласынан келген «Наз» би театрының «Қазақтың кәдесыйлары» деген жаңа би думанын тамашаладым. Қойылымға бұл дәстүрлі қазақ концерті болар деген оймен барғанмын, алайда бұл олай болмай шықты.

Билер дәстүрлі қазақ мәніне құрылғанымен, музыкасы заманауи рухпен өңделген. Түрлі-түсті костюмдер де заманауи сәнмен, тіпті футуристік нақышпен тігілген деп айтуға болады. Бидің дәстүрлі стилін құрметтей, сақтай отырып, бишілер оған жаңашыл реңк берген. Жалпы, өзімді сыншыл адаммын деп есептеймін, бірақ бұл жолы бишілердің өнеріне тәнті болдым. Думанның қоюшылары – ҚР еңбек сіңірген әртісі Еркебұлан АҒЫМБАЕВ пен оның жұбайы, театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Қадиша АҒЫМБАЕВАНЫҢ кәсіби шеберліктерін де атап өткен жөн.

Алайда театрдың жарық беру құралдарының тиісті дәрежеде қойылымды безендіре алмайтынын байқадым. Сондай-ақ, залдағы акустика да нашар.

Шоудың аяғында орындаушылар көрермендер арасына келіп, бүкіл зал болып «Қара жорғаны» билеуге шақырды. Міне, көрермендер кәсіпқойлармен бірге қызу билеп жатыр. Менің ойымша, мұндай шара Атырауда бірінші рет болып тұр. Ұмытылмас кеш!

Даниель Паскуино, Аджип қызметкері

28 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.