Атырау, 18 мамыр 17:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қайда асып барамыз?

2 774 просмотра

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Атырау-Жарық» АҚ қызметінің тарифтері бір киловатт/сағатқа 4,6 теңгеден 5,02 теңгеге дейін көбеймек. Бірақ бұл цифр соңы емес. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінде (ТМРАД) өткен жұртшылық тыңдауында айтылды.

Тарифтің 9 пайызға, яғни, 4,6-дан 5,02 теңгеге дейін көтерілгендігі туралы өткен жылдың аяғында мәлім етілген болатын. Алайда биылғы жылдың басынан бері еліміздің өңірлік электр желісі компаниялары (ӨЭК) үшін тариф салыстырмалы анализ әдісі - бенчмаркинг бойынша белгіленген. Сондықтан бұл жерде де өзгешеліктер туындайды. Егер осы әдіс бойынша анықталатын Х-фактор коэффициенті 2014 жылы «Атырау-Жарық» АҚ үшін 2013 жылдың деңгейінде қалса, онда тариф тағы бір тиынға көтеріліп, 5,03 теңгені құрайды. Егер коэффициент өзгерсе, онда бұрын 2014 жылға жоспарланған тариф төмендеуі мүмкін, онда да 1-2 тиынға.

«Атырау-Жарық» АҚ өкілінің айтуынша, Х-фактор – бұл түрлі белгісіздіктері бар жиырма теңдеуден тұратын күрделі матрица екен. Оның шамасын анықтаумен республикалық ТМРА жүйесіндегі орталық компьютер айналысады. Ведомоство ағымдағы жылдың 26 қарашасына дейін елдегі 20 ӨЭК-ның әрқайсысы үшін Х-факторды жария етуі тиіс. Бұдан басқа, бенчмаркинг табысты кәсіпорын инвестициясының пайдасына қатаң түрде қайта бөлуді қарастырады. Осы себеп бойынша «Атырау-Жарық» АҚ директорлар кеңесі бұйрық шығарды, соған сәйкес акционерлердің 2013 жылғы бүкіл дивидендтері негізгі құралдарды жаңартуға бағытталатын болады. ТМРАД жанындағы сараптама кеңесінің мүшесі Наурызғали ӘБІЛҚАЙЫРОВ осыған қатысты: «Мұның жаман ештеңесі жоқ. Өз дивидендтерін жойғанша, «Атырау-Жарық» акционерлеріне оларды өз болашақтарына салғаны дұрыс», деп мәлімдеді. «Атырау-Жарық» АҚ өкілінің айтуынша, Шығыс Қазақстандағы ӨЭК-нің америкалық акционерлері бұл ережеге өз наразылықтарын білдірген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.