Атырау, 5 мамыр 09:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Бишілер жүлдесі

6 707 просмотра

Біздің би ансамбльдеріміз Астраханда өткен хореографиялық ұжымдардың «Грация» халықаралық байқау-фестивалінде үздік болып танылды. Байқауға түрлі номинацияларда барлығы 200-ден аса ұжым қатысты.

Онда Қазақстан намысын «Қазына» ансамблі (Кіші өнер академиясы) және Гүлсина БАЙКЕНОВА басқаратын Балет студиясы қорғады. Әділ қазылар үнді биін билеген Дария САНБАЕВА мен башқұрт биі - «Күл бүйендені» орындаған Әсел ОЛЖАБАЕВАҒА бірінші орын берді.

Н. Тілендиев атындағы облыстық Кіші өнер Академиясы шәкірттерінің арасынан өнердің түрлі салалары бойынша байқаулардың жеңімпаздары жиі шығып тұрады. Бұл жолы оқу орнының атағын балетмейстер, педагог-хореограф Талғат ҒАТАУОВТЫҢ шәкірттері әйгіледі – «Қазына» тобының қыздары І дәрежелі дипломмен марапатталды. Көрші Орал қаласынан шақыртылған оқытушы академияшыларды бес жылдан бері биге үйретіп жүр, қазір оның 45 шәкірті бар.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.