Атырау, 5 мамыр 03:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Бақыттың әлемі

3 191 просмотра

28 жастағы суретші Бақыт САЛИЕВТІҢ (суретте) еңбектерінде сан қырлы шексіз әлем бейнеленген.Түрлі реңді майлы бояумен кенепке түскен қиялының шет-шегі жоқ секілді.

Бірнеше жыл бұрын Бақыт ауыр науқасқа ұшырап, күрделі ота жасатқан еді. Содан кейін оған екінші топтағы мүгедектік берілген.

…Ес білгелі сурет салумен келеді. Мектептегі ең сүйікті пәні бейнелеу өнері болатын. Кезекті қабырға газетін немесе акт залын кім безендіреді деген сұрақ та болмайтын. Ол тек Бақыттың ғана еншісінде еді. Бала күнінде акварельмен де, гуашьпен де, қарапайым түрлі-түсті қарындаштармен де сурет сала беретін. Өскенде кәсіпқой суретші болуды армандайтын.

2003 жылы мектеп бітірдім, дәрігерлер әрі қарай оқуыма тыйым салды. Артық салмақ түсірмеу керектігімді ескертті. Ал содан кейін тағдыр мені Атырауға танымал суретшіге жолықтырды. Мен оған өз нобайларымды көрсетуді ұйғардым. Содан соң ол менің көркемдік шеберлікті үйренуге тиіс екенімді айтты. Ол мені кей нәрселерге үйретіп, кей жерлерімді түзетті, кенепті қалай керіп, дайындау керектігін де көрсетті. Сол кезде шабыттанып, дәрігерлердің тыйым салғанына қарамастан, Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ‑дің «бейнелеу өнері» мамандығы бойынша сырттай бөлімге оқуға түстім, - деп әңгімелейді Бақыт.

Ол өте салмақты, көп сөйлемейтін жігіт екен. Бүкіл болмысы еңбектерінен көрініс тапқан. Түрлі жанрларды – портреттер, натюрморттар, пейзаждарды салады.

Менің алғашқы айтарлықтай жұмысым – қобыз бейнеленген натюрморт болатын, - деп көрсетті Бақыт.

Портреттік жұмыстарының ішінде тарихи тұлғалар да (Бауыржан Момышұлы), жүздерінен жылылық пен мейірімділік есіп тұрған ана мен балалар да бар. Әсіресе оған пейзаждарды салу ұнайды екен. Кенептен қоңыр күздің сары жапырақтары бейне бір ұшып бара жатқандай. Туған Атырауымыздың ғимараттарының сұлбасы жанды жылытып, даланың кең байтақ жазықтары көзді қуантады. 

Бақыт тыныштықта жұмыс жасағанды ұнатады. Өзіне «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ кеңсесінен тыныш та жайлы орын бергеніне дән риза. Бұл жерде ол картиналарын салады, осы жерде оның көрмесі де қойылған. Бақыт Салиевтің жұмыстары мүмкіндіктері шектеулі жандардың шығармашылығына арналған облыстық және республикалық байқауларда әлденеше рет жүлделі орындарға ие болған. Міне, оның тағы бір жұмысы «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты байқаудың аймақтық іріктеу турында бірінші орын алды. Енді бұл картина Астанадағы республикалық байқауға жіберілмек. Байқаудың басты мақсаты – ауыр сырқатпен батыл күресіп жүрген жандарды біріктіру және оларды жаңа биіктерден көрінуге шабыттандыру.

Қазір Бақыт өзін фэнтези жанрында байқап жүр. Ол түрлі реңдегі жақсы бояулар, сапалы қылқаламдар мен жақсы кенептер болса деп армандайды екен. Мүгедектік зейнетақысына көп нәрсе ала алмайтыны белгілі...

Бір кездері алуан түрлі бояуларым көп болады. Өз қиялымды тежеп, оларды үнемдемейтін боламын. Сонда адамдар менің әлемімді көретін болады, - деді ол қоштасарда.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

17 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.