Атырау, 27 желтоқсан 02:01
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Оң жақ жағалауға газ беру тоқтатылады

2 761 просмотра

Бүгін, 3 қазанда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау ӨФ Атырау қаласының оң жақ жағалауына, сонымен қатар Махамбет ауданының Алмалы мен Береке селоларына «газ құбырына ойымдар орнатуға байланысты» 9 қазан сағат 8-ден 10 қазан сағат 20-ға дейін табиғи газ беру тоқтатылғандығы туралы хабарлама таратты.

Бүгін түстен кейін «Атырау» магистральды газ құбыры басқармасы Атырау қаласының сол жақ жағалауына газ беруді жалғастырды. Сол жақ жағалауда 30 қыркүйектен бастап жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары салдарынан «көгілдір отын» ажыратылған болатын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 қазан 2013, 22:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.