Атырау, 26 желтоқсан 23:07
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Профессор Хойманның дәрістері

8 664 просмотра

Хенинг ХОЙМАН жергілікті хирургтар үшін шеберлік дәрістерін өткізудеХенинг ХОЙМАН жергілікті хирургтар үшін шеберлік дәрістерін өткізудеЖетекші неміс хирургтарының бірі, есту қабілетін жақсарту жөніндегі жоғары білікті маман Хенинг ХОЙМАН облыстық аурухананың лор бөлімшесінің хирургтары үшін шеберлік дәрісін өткізді.

ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУ БӨЛМЕСІНДЕ

Лор бөлімшесінің меңгерушісі Манап МҰХАМБЕТОВТІҢ айтуынша, Штутгарт медициналық университеті емханасының (ФРГ) профессоры облыстық аурухана әкімшілігімен жасалған келісім бойынша өзінің аудармашы ассистенті Дитер ВИНСПЕН бірге келген. Шеберлік дәрістері тегін өткізіледі.

Неміс хирургы шеберлік дәрістерін өткізуді 30 қыркүйектен бастады, енді 2 қазанда аяқтайды, - дейді М. Мұхамбетов.– Біздің облыстық аурухана базасында біздің аурухана сатып алған немістің заманауи жабдығымен операциялар жасалады. Бұл өте қымбат аппаратура, оның жалпы құны 50 млн теңге.

Шеберлік дәрісінің екінші күнінде маған операцияға қатысуға рұқсат берді. Ол жерге кірмес бұрын, мен, әрине, халат, бас киім, демперде мен бахила киіп алдым. Микроскоп жанында 68 жастағы доктор Хойман тұрды. Ол процесске бақылау жасап, әр кезеңде нұсқау берумен болды. Лор бөлімшесінің дәрігері, 29 жастағы Самат МҰХАМБЕТОВ ота жасап жатқан болатын. Пациент – 21 жастағы қыздың бала кезінен ортаңғы құлағы созылмалы түрде қабынып ауырып, құлақ мүкістігіне шалдыққан екен.

Манап МҰХАМБЕТОВМанап МҰХАМБЕТОВ- Оның кондуктивті құлақ мүкістігі 2-3-ші дәрежеде, - деп түсіндіреді Манап Мұхамбетов. – Қазір ортаңғы құлағын тимпанопластикамен жақсарту операциясы жасалуда. Тимпанопластика - жаңа дабыл жарғағының түзілуін білдіреді.

– Бұл операция қаншалықты күрделі?

– Бұл жоғары технологиялық операция, оның 6 түрі бар. Қазір 1-түрдегі ота жасалуда. Жаңа жабдықта есту сүйектерін ауыстыру операцияларын - стапедопластика (оны шеберлік дәрісінің бірінші күнінде өткіздік) және тимпанопластика (оның барлық 6 түрін) жасауға болады. Ал келесі жылдан бастап кохлеарлық имплантацияны, яғни, туа бітті немесе кейін пайда болған кереңдігі бар адамдардың есту қабілетін қайтаруды бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл өте қымбат тұратын, шамамен 3 млн теңге тұратын операция. Бірақ ақыр аяғында ештеңе естімеген пациент толыққанды өмірге оралады. Мұндай операцияларды Астанада жасай бастады. Ал тимпанопластиканы Оралда, Алматыда және Астанада сәтті жасап жүр. Біз де осындай операцияларды үнемі жасап, уақыт өте келе жолға қоямыз деп үміттенеміз.

М. Мұхамбетовтің айтуынша, Атырау облысында ортаңғы құлақтың қабыну сырқатына 30 пайыз балалар мен ересектер шалдыққан екен. Оған тұмау инфекциялары, салқын тию, көкжөтел, қызылша аурулары себеп болатын көрінеді. Ол сондай-ақ, соңғы кездері аллергиядан есту қабілеті бұзылатын жағдайлардың жиілеп кеткенін атап өтті.

 

«ОЛ ӨЗ БІЛІМІНІҢ ӨЗІМЕН БІРГЕ КЕТКЕНІН ҚАЛАМАЙДЫ»

Кішкене ғана үзіліс кезінде доктордың ассистенті Дитер Винспен тілдесудің сәті түсті. Оның айтуынша, тимпанопластика түсінігін неміс профессоры Вульштейн 60-шы жылдардың ортасында енгізген. Ол ортаңғы құлаққа алғашқы боп микроскоппен операция жасауды бастаған.

Дитер ВИНСДитер ВИНС– Бұрын мұны қашау және балға аспабымен көз мөлшері арқылы жасайтын, - дейді орыс тілін керемет меңгерген Винс. – Доктор Хойманның тимпанопластиканың негізін қалаушы ұстазы Вульштейннің шәкірті болған.

– Үш күндік шеберлік дәрісі үйрену үшін жеткілікті уақыт деп есептейсіз бе?

– Әрине, ұзағырақ болғаны жақсы. Мәселен, біз Астанада бір апта, Алматыда бір апта, Оралда бір апта жұмыс істедік. Енді осы жақта үш күн боламыз да, Астанаға қайта ұшамыз.

Алматыға біз бұрын жылына 2 мәрте екі аптаға, содан кейін жылына 2 рет бір аптаға келіп жүрдік. Жалпы алматылық мамандарды енді жаңа еш нәрсеге үйрете алмаймыз, олардың өздері бәрін біледі.

Әрине, біздің осында болған үш күнімізбен салыстырғанда үлкен айырмашылық бар. Бірақ бұл жердегі хирург бәрін тез қағып алады, оның ота жасаған сайын біліктілігі артып келеді.

Мұндай операция тәжірибелі хирургтың 20-30 минут уақытын алады. Бүгінде Германияда оларды амбулаториялық түрде жасай алады. Бұл шетелден келетін пациенттер үшін өте қолайлы. Емханада тұру өте қымбат, отельде тұрған арзанға түседі. Ота жасалған пациентті сол күні шығарып жібереді, содан кейін ол бір апта бойына амбулаториялық қабылдауға келеді.

Мұндай операция Германияда қанша тұрады?

– Бізде сақтандыру медицинасы қолданыста. Егер мемлекеттік сақтандыру болса, бір баға, ал егер жеке болса – сол ота болғанымен 2-3 есе жоғары болады. Бірақ жеке сақтандыру болса, шефтің өзі – емхананың бас дәрігері операция жасайды. Өйткені ол анағұрлым білікті деп есептеледі. Операция орташа алғанда 700-800 еуро (егер бұл мемлекеттік сақтандыру болса) шамасында болады.

Еуропада құлақ ауруының статистикасы қандай?

– Статистика бойынша әр елде әртүрлі. Халықтың 1-ден 3 пайызға дейінгі мөлшері ортаңғы құлақты созылмалы қабыну сырқатынан зардап шегеді. Егер ересек адамда құлағына қатысы проблема туындаса, бұл бала кезінде мұрнына қатысты проблема болғандығын білдіреді.

Қазақстанда халықтың 1 пайызы ортаңғы құлақтың созылмалы қабыну сырқатына шалдыққан. Бұл шамамен – жылына 150 мың адам. Операция олардың әрбір оныншысына қажет. Сонда Қазақстанда жылына шамамен 15 мыңдай операция жасалуы керек. Біз Қазақстанда ота жасай алатын дәрігерлердің көп емес екендігіне көз жеткіздік. Біз бірнеше жыл бойына үйретумен айналысып келеміз. Біздің мақсатымыз – операция жасап, кетіп қалу емес, керісінше,  бізден кейін де емхана жұмыс жасауын жалғастыратындай әрекет ету. Біз бұл жерге осы үшін келіп отырмыз.

Доктор Хенинг Хойман өз ғұмырында 10 мыңдай құлаққа операция жасапты. Бұл үлкен тәжірибе. Ол өмірінде жақсы ұстазды кез қылған, оның өзі айтқандай, егер өзінен кейінгілерге осы білімді қалдырмаса, ол өзімен бірге өледі екен. Доктор 1945 жылдың 8 қаңтарында дүниеге келген. Келесі жылы 69 жасқа толады. Оның денсаулығының қандай екенін, біздің кеше емханаға сағат 8.30-да кіріп, 20.30-да шыққанымыздан байқауға болады. Бұл алғашқы операция жасайтын күн болатын. Бұған дейін жаңа технология бойынша ортаңғы құлаққа операциялар өткізілмеген. Менің мақсатым – операция жасайтын команданың жұмысын реттеу. Әрқайсысына өз міндеттерін түсіндіру керек болды. Операция медбикесі кейбір құрал-саймандарды, олардың атауларын, оны қалай қолдану керектігін білмейді. Мен бәрін түсіндіруге тиіспін.

– Жалпы сіздің Қазақстандағы жұмыс нәтижелерін қалай бағалайсыз?

– Астанада профессор Гүлмира МҰХАМЕДИЕВА бар, ол 1-ші қалалық емхананың лор бөлімшесінің меңгерушісі боп жұмыс жасайды, кафедрада сабақ береді, керемет кадрлар дайындайды – оның 28-29 жастағы шәкірттері отаны тамаша жасайды. Алматыда 5-ші жақ-бет емханасында керемет мамандар бар. Орал жақсы дамып кеткен. Басқа қалаларға келер болсақ, әлі де олқылықтар бар. Мәселен, Қазақстанда (қаланың атын айтпай-ақ қояйын) өте жақсы отохирург болды. Бірақ ол өз білімін басқаларға үйреткісі келмеді, пациенттерді жоғалтып алам деп қорықты. Қазір ол кісі өмірде жоқ, ол өз білгенін өзімен бірге ала кетті. Бұл университеттік қала, ал ол жерде ортаңғы құлаққа ота жасайтын ешкім жоқ.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор

2 қазан 2013, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.