Атырау, 5 мамыр 02:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Стефани Шепардтың жаңа өмірі

2 344 просмотра

Грэм мен Стефани ШЕПАРДТАР.Грэм мен Стефани ШЕПАРДТАР.Австралиялық суретші Стефани ШЕПАРДТЫҢ Атыраудағы «Тенгри-Арт» галереясындағы 1-ші жеке көрмесі өтті.

Стефани Шепардтың есімі атыраулық көркемсурет өнерін бағалаушыларға жақсы таныс. Ол өткен жылы өз суреттерін Ш. Сариев атындағы музейде белгілі атыраулық суретші Рафаэль СЛЕКЕНОВ және американдық суретші Вики КРИГЕРМЕН бірге ұйымдастырған көрмеде көрсеткен болатын.

Бұл жолы Шепард ханым 28 суретін таныстырды. Тақырыптары сан алуан, алайда көпшілігі әйел мен табиғаттың өзара үндесуіне арналған. Бұл түсінікті де, өйткені ол әйел киімдерінің дизайнері ғой. Әйел бейнелері әр түрлі – жасы да бар, кәрісі де бар, сәнді көйлек немесе жәй ғана спорттық костюм кигендер. Алайда барлығы нәзіктік пен әдемілікке толы.

Стефани 20 жасында Австралия көркемсурет колледжінде сабақ берген. Қылқаламды қолына алғанына көп болған жоқ, 6-7 жыл бұрын бастаса да, жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Жарты жыл бұрын ол кәсіби көркем сурет оқуынан өтіп, Лондон репрезентативті өнер студиясына оқуға түсті.

Атырауға Стефани ТШО-да жасайтын күйеуі Грэммен бірге келді. Атырауға көшіп келуіне байланысты пайда болған бос уақытын сурет салуға бөлуді ұйғарады. «Шығармашылығым үшін барлық жағдай жасаған және жаныма дауа болған жұбайыма өте ризамын, мен өз жаныма құлақ түріп, сурет арқылы оны суреттей аламын», - дейді Стефани.

Көрменің ашылуына келген көрермендер.Көрменің ашылуына келген көрермендер.«Әр суреттің өз тарихы бар. Мысалы «Жеті күнбағыс» және «Ықылас іздеуші» суреттерінде отбасымда болған жағдайлар бейнеленген. «Көрермен» және «Бір сәттік сезім» - бұл Париж туралы естелік, алайда бір қарағанда, мұнда париждік ештеңе жоқ. Егер сурет адам әсер етіп, белгілі бір сезімін тудырса, сурет мақсатына жетті деп ойлаймын».

Жергілікті суретші және өнертанушы Мұхит ҚАСЫМОВ Стефанидың шығармашылығын жоғары бағалайды. Оның айтуынша, Стефани жаңа бастаған суретші болса да, оның еңбектері кәсіби деңгейде орындалған. Суретші, Тенгри-Арт галереясының негізін салушы Рафаэль Слекенов оның суреттеріндегі тазалық пен шынайылықты атап өтті. Рафаэльдің пікірінше, кез келген жаңа бастаған суретшіге қолдау керек, сондықтан да Тенгри-Арт галереясы Стефаниға көрме төрінен орын берді.

«Атыраудағы үйдің терезесі» суретінде қысқа терек қасындағы көгілдір терезелі ағаш үй шеберлікпен бейнеленген. Суретшінің қарапайым нәрседен сұлулықты көре алатыны байқалып-ақ тұр. Стефани қаланың ескі бөлігінде сақталып қалған көне үйлерді өте жақсы көретінін айтты: «Кесілген терезелер, әдемі жақтаулар, шебер өңдеген ағаштар, бұлар сақталып қалса екен деп тілеймін».

Стефани адам портреттерін де шебер салады. Олар кейіпкерге деген үлкен сүйіспеншілікпен бейнеленген. Осы суреттерді салу үшін қозғалмай көптеген сағаттар бойы үлгі болып тұрған достары Лиза мен Маргаретке оның алғысы шексіз.

Өз сүйікті ісімен шұғылдануды егде тартқан жасында бастаған адамдар туралы бұрын да жазғанбыз. Стефан Шепардтың үлгісі өз аңсаған арманыңды жүзеге асырудың еш кештігі жоқ екендігін тағы бір дәлелдейді. Стефани Шепардтың жеке көрмесі Тенгри-Арт галереясында қазан айының ортасына дейін созылады.

Зинат ОРЫНБАСАРОВА

27 қыркүйек 2013, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.