
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат салықтарды оңтайландыру және салықтық жеңілдіктерді енгізу шараларын қамтиды.
Кодексте:
- Салықтар мен төлемдердің саны қысқартылады, ал корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі:
- Банк секторында – 25%,
- Ойын бизнесінде – 25%,
- Әлеуметтік секторда – 10%,
- Өңдеу өнеркәсібінде – 10%,
- Ауыл шаруашылығында – 3% болып белгіленеді. Базалық ставка 20% деңгейінде сақталады.
- Арнайы салық режимдері оңтайландырылып, олардың саны үшеуге қысқарады. Олар: оңайлатылған декларация негізінде, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шаруа қожалықтарына қатысты болады.
Жеке тұлғаларға қатысты:
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылмақ.
- Республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, 30 АЕК мөлшерінде жалақыдан базалық салық шегерімі белгіленеді.
Автокөлікке қатысты:
- 10 жылдан асқан көліктерге салық көлемі 30%-ға, ал 20 жылдан асқан көліктерге 50%-ға азайтылуы қарастырылған.
Жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелерден түскен табысына салық салу тәртібі де қайта қарастырылуда.
9 сәуір, 17:43