Атырау, 25 сәуір 05:37
 ашықВ Атырау +22
$ 517.16
€ 588.48
₽ 6.23

Атырау облысында лаңкестік шабуылдың алдын алу бойынша оқу-жаттығулар өтті​

410 просмотра

Ағымдағы жылдың 20 наурызында ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және Атырау облыстық жедел штабының терроризм актілерін жолын кесуге, олардың салдарын барынша азайтуға және жоюға жедел дайындығын арттыру болды.

Атырау облысында өткен командалық-штабтық оқу-жаттығуларға жедел штаб құрамына кіретін барлық мемлекеттік органдар қатысты. Олар:

  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті (ҰҚКД),
  • Полиция департаменті (ПД),
  • ҚР Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімі,
  • ҚР Қорғаныс министрлігінің "Батыс" өңірлік қолбасшылығы (ҚР ҚМ «Батыс» ӨҚ),
  • Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД),
  • Әкімдік өкілдері.

Оқу-жаттығу барысында шынайы қауіптерді модельдейтін сценарийлер егжей-тегжейлі әзірленіп, оған қатысушылардың барлығы жылдам әрекет етуді және үйлестірілген жұмысты қажет етеді.

Іс-шара террористік акт жасалу кезде немесе жасалу қаупі бар жағдайларда міндеттерді орындауға дайындығын көрсетті.

9 сәуір, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.