Атырау, 12 сәуір 02:33
 ашықВ Атырау +10
$ 514.94
€ 583.74
₽ 6.13

Алтауы бір адамға жабылған: Атырауда қабырғалары сынған ер адам ауруханаға жеткізілді

467 просмотра

5 сәуірге қараған түні Атыраудағы С.Сүлейман көшесінде алты ер адам 40 жастағы қала тұрғынын соққыға жыққан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жәбірленуші көптеген жарақаттармен, оның ішінде бірнеше қабырғасы сынған күйде ауруханаға жеткізілген. Жағдайы тұрақты орташа ауырлықта деп бағалануда.

Ер адам жерге құлағаннан кейін де ұрып-соғуды жалғастырып жатқаны көрінетін видео әлеуметтік желіге тарап кетті.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жәбірленушіден арыз түспесе де, тергеу амалдары басталған.

Кейіннен ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы - денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

7 сәуір, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16