Атырау, 13 сәуір 07:19
 бұлттыВ Атырау +12
$ 514.94
€ 583.74
₽ 6.13

Көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны​: Атыраудан 60-қа жуық бозбала әскерге жөнелтілді

912 просмотра 131 пікір

Атырауда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жалғасуда. Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың мәліметінше, биыл шамамен 500 жас сарбаз қатарына қосылмақ. 

Алдымен шақырылушыларға 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіліп, содан кейін тұрғылықты мекенжайы бойынша шақыру қағазы табысталады.

Науқан басталғалы бері 29 жас жігіт Атырау қаласындағы шекара қызметіне, 16 бозбала Ақтаудағы әскери-теңіз күштеріне, ал тағы 16 сарбаз Талдықорғандағы десанттық-шабуылдау бөлімшесіне аттанған. Әскерге шақыру маусымы маусымның 30-ына дейін жалғасады. 

- 1414 арқылы хабарлама алып, шақыру қағазы табысталғанына қарамастан келмеген азаматтарға 5 АЕК көлемінде айыппұл көзделген. Егер екінші рет қайталанса, Қылмыстық кодекстің 387-бабына сәйкес, 1000 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылады, - дейді Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарманың басшысы Құрманәлі Жүнісбеков. 

Басқарманың дерегінше, әскери борышын өтеп келгендерге бірқатар жағдайлар қарастырылған. Әскери борышын өтеп келген азаматтар жоғары оқу орындарына түсу үшін тегін сертификат ала алады. Бұдан бөлек, 14 айлық кредиттік демалыс беріледі: оның 12 айы әскери қызмет кезінде, ал қалған 2 айы әскерден кейінгі қосымша мерзімге арналған. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

4 сәуір, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16