Атырау, 9 сәуір 11:30
 ашықВ Атырау +18
$ 518.57
€ 566.59
₽ 6.05

Қостанайда сүт-тауар фермасы іске қосылды

334 просмотра 4 пікір
Сурет: ҚР АШМ

«Восток-1» сүт-тауар фермасы Солтүстік Қазақстан облысында жинақталған табысты тәжірибені кеңінен тарату бағдарламасының нәтижесі болып табылады, деп хабарлайды ҚР АШМ.

Жалпы құны 6,2 млрд теңгені құрайтын бұл ферма жылына 9 700 тонна сүт өндіруді мақсат етеді. Ферманы жабдықтау шведтік DelavalExportab компаниясы шығарған «Карусель» типіндегі айналмалы сауу залын қамтиды. Сондай-ақ, «AGRAL FARM» ЖШС жеткізген қора жабдықтарын монтаждау аяқталса, бұзау қорасы мен төлдеу залына жабдық орнату жұмыстары әлі жалғасуда.

2024 жылы фермаға Даниядан Гольштейн-фриз тұқымының 400 бас құнажын әкелінсе, ағымдағы жылы тағы 800 бас әкелу жоспарланған. Алынған сүт «Милх» ЖШС кәсіпорнында өңделеді, қазіргі уақытта 373,7 тонна сүт сатылымға шықты.

Сурет: ҚР АШМ

2025 жылдың наурызында екінші қора мен бұзау алаңдарының құрылысы басталады. Каменскорал ауылында құны 4,3 млрд теңге болатын, 1,2 мың басқа арналған екінші сүт-тауар фермасы салынбақ, оны 2025 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, 2028 жылға дейін Қостанай облысында 30 сүт-тауар фермасын құру көзделуде. Бұл сүт өндіруді жылына 150 мың тоннаға дейін арттырып, сүт өнімдерінің импортына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

12 наурыз, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16