Атырау, 9 сәуір 1053
 ашықВ Атырау +18
$ 518.57
€ 566.59
₽ 6.05

​Ақсайда әкім сайлауына сайлаушылардың 9 пайызы қатысты

203 просмотра
Ақсайдың әкімі Арсен Баяндыков, сурет Фейсбуктегі жеке парақшасынан алынды

2025 жылғы 2 наурызда Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімін сайлауы өтті, деп хабарлайды ауданның аймақтық сайлау комиссиясы. 

Сайлаушылар тізіміне 27923 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2517 сайлаушы (9,01%), оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 151 адам қатысты.

Әкімнің орнына сайлануға үш үміткер тіркелді. 

Арсен Баяндыков үшін сайлаушылардың 1362 дауысы берілді,

Аблай Утепбергенов үшін сайлаушылардың 558 дауысы берілді.

Избасар Габидуллин үшін сайлаушылардың 326 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 159. Сайлау қорытындысымен Бөрлі ауданы Ақсай қаласының әкімі болып 1982 жылы туған Арсен Баяндыков сайланды.

4 наурыз, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16