Атырау, 4 мамыр 20:39
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Қазақстан Әлем төлқұжаттары индексінде 66-орында тұр – Президент

228 просмотра

Қазақстан Республикасының паспорты Әлем төлқұжаттары индексінде 66-орында тұр. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының онлайн форматта өтіп жатқан отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны да айтарлықтай азайған.

«Қазір Қазақстан Әлем төлқұжаттары индексінде 66-орында тұр. Бұл – жаман көрсеткіш емес. Бұдан бөлек, соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны айтарлықтай азайды. Осының бәрі еліміздің тұрақты дамып келе жатқанын, біздің елге қызығушылықтың арта түскенін және мемлекетіміздің халықаралық беделі жоғары екенін көрсетеді», - деді Тоқаев өз сөзінде.

Оның айтуынша, көк түсті төлқұжат «еліміздің жалпыұлттық бірегейлігінің ең қарапайым әрі түсінікті белгісі».

«Мен аспан түстес төлқұжатымыз еліміздің жалпыұлттық бірегейлігінің ең қарапайым әрі түсінікті белгісі екенін үнемі айтып жүрмін. Көк паспорты бар әрбір адам ұлтына, көзқарасы мен наным-сеніміне қарамастан, Қазақстан азаматының барлық құқығын иеленеді. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы әлемнің қай түкпірінде жүрсе де біздің мемлекетіміздің қорғауында болады. Біз ешқашан өз азаматтарымызды тағдыр тәлкегінде қалдырмаймыз», - деді президент.

Тоқаев сондай-ақ 2020 жылғы коронавирус пандемиясы кезінде, сондай-ақ 2021 жылы Ауғанстандағы, 2023 жылы Газа секторындағы ахуал күрт шиеленіскен кезде Қазақстан өз азаматтарын дереу елге жеткізгенін еске салды.

25 сәуір, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.