Атырау, 4 мамыр 23:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Оралдан Атырауға 281 әскери қызметкер көмекке келеді

463 просмотра
Видеодан жасалған скрин

Атырау облысына Оралдан  281 әскери қызметкер тасқынмен күреске көмекке аттанды, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Батыс Қазақстан облысы көлемінде су тасқынына қатысты жағдай тұрақтанып, Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден түсіп келеді.

 Қызылорда мен Маңғыстау облыстарының Төтенше жағдай департаменттерінің және Қарағанды облысының 52859 әскери бөлімшесінің әскерлері Жайық өзенінің төменгі ағысында орналасқан Атырау облысына көмекке аттанды. 

Жолға жиналған 281 әскери қызметкерді шығарып салу рәсімінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов  қиын сәтте қолдау білдірген әскери мамандарға ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысы  көлемінде  төтенше жағдай режимі енгізілген уақытта өзге өңірлерден әскери құрылымдардың, оның ішінде өзге облыстардан келген Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық Ұланның, Шекара қызметінің жеке құрамдары  төтенше жағдаймен күресуге атсалысқан болатын.  

25 сәуір, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.