Атырау, 5 мамыр 06:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

22 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет

755 просмотра

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 22 сәуірде сағат 8-дегі жағдайды хабарлады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:   

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 582 см., деңгейдің +8 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 359см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 706 см., деңгейдің + 7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 389 см құрайды.
  
Жайық өзені-Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 412 см., тәулігіне + 3 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 221 см құрайды. 

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

"22 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 294 м3/с құрайды", - делінген хабарламада.


22 сәуір, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.