Атырау, 2 мамыр 12:19
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстан үкіметі қырғыз студенттер үшін грант бөле бастаған

566 просмотра
Фото: Ақорда

Қазақстан Үкіметі қырғыз студенттері үшін 50 грант бөліп отыр. Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне брифинг өткізген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы, Ош қаласында Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бөлімшесі жұмыс істей бастады. Бұдан бөлек, Қазақстан Үкіметі қырғыз студенттері үшін 50 грант бөліп отыр. Мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту үшін жыл сайын екі ел зиялыларының форумы өтеді.

"Биыл Астанада өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті 6-шы Консультативтік кездесуіне белсене атсалысуға уағдаластық. Қазақстанның бірқатар халықаралық ұйымның төрағасы ретінде көтерген бастамаларын қолдағаны үшін қырғыз бауырларға ризашылық білдіреміз. Бүгінгі сапар екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсетіні анық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
19 сәуір, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.