Атырау, 17 мамыр 07:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы даладағы дәретханаға құлап көз жұмды

202 просмотра
Фото: Facebook/Daniyar Alimkul

Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы даладағы дәретханаға құлап мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Жамбыл облысындағы тілшісі Данияр Әлімқұл өзінің Facebook парақшасында жазды. Қайғылы оқиға Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте болған

«Сегізінші сынып оқушысы соққыдан сұлап түскен. Тоғызыншы сыныптың баласы ұрған екен. Ауылдағылар айтып отыр. «Дыхалкадан» дөп тиген удар бір баланың өмірін қиды. «Сегіздерді» «тоғыздар» тысқа тартып, әжетхана жақта әлімжеттік жасаған деген нұсқа бар. Байзақта сыртқа салынған әжетхана әлі бар екен. Оның үстіне айналасында камерасы жоқ», - деп жазды журналист.

Оқушының өлімін облыстық Полиция департаменті растады. Аталған факті бойынша екі бірдей қылмыстық іс қозғалған.

«Оқушының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Сондай-ақ, мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды», - деп жазылған ПД ақпаратында.
2 мамыр, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.