Атырау, 2 мамыр 14:11
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Спорт жаңалықтары

654 просмотра

«Мұнайшы» стадионында футболдан ҚР Кубогының 1/8 финалының матчы «SD Femily» - Астанадан I лига командасы мен «Атырау» командасы арасында өтті.

Атырау ойсырата жеңді: матч 6:0 есебімен мұнайшылардың пайдасына аяқталды.

Гол авторлары: 29-минутта – Барбоса Суарес, 33-минутта – Фатхулло Олимзода, 46-минутта – Педру Эужениу, 64-минутта – Б.Суарес, 83-минутта – Никита Степанов және 87-минутта П.Эжениу.

***

11 сәуір мен 15 сәуір аралығында Түркістан қаласында сурдодзюдодан, яғни есту қабілеті нашар спортшылар арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты өтті.

Сурдодзюдодан облыстың аға жаттықтырушысы, 60 келіге дейінгі салмақтағы жапон күресінің үздік өкілдерінің бірі Асхат ТЕЛМАНОВ: «Дзюдоның бұл түрі Қазақстанда, атап айтқанда, Атырауда үш жылдан бері дамып келеді. Шәкіртіміз Ерсін Болатов 73 келіге дейінгі салмақта финалға жолдама алып, Украина өкілі Денис Кохан мен Қырғызстан өкілі Базарбек Оразалиұлын жеңді. Нәтижесінде Ерсін мен облыс өкілі Абай Алтынбек Кикітаев финалға шықты. Қарсылас оның кимоносын тұншықтыру қаруы ретінде пайдаланып, дзюдошымызды жеңді», - дейді бапкер.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 сәуір, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.