Атырау, 2 мамыр 13:45
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«ҚазТрансОйл» АҚ-да өндірістік нысандарын тасқын судан қорғау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

647 просмотра

«ҚазТрансОйл» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) мұнайды сенімді және қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Атырау облысындағы өндірістік объектілерінде бөгет тұрғызу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Т.Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында ұзындығы 700 метрге жуық қорғаныс бөгеті салынуда. Ал Н.Шманов атындағы мұнай айдау станциясын резервуар паркі жағынан 500 метрлік учаскені бөгетпен қоршауда. «Индер» станциясында ұзындығы 545 метр су тазарту құрылыстары жанында жағаны нығайту бойынша жұмыстар аяқталып қалды. «Үлкен Шаған» және Н.Шманов атындағы станциялары маңында ұзындығы 500 метрлік «Соколок» каналының периметрі бойынша бөгет салынды.

«Өзен – Атырау – Самара» магистральды мұнай құбырының желілік тораптарын, бақылау және басқару пункттерін үйінділермен нығайту жұмыстары атқарылды.

ҚазТрансОйл магистральды мұнай құбырларының суасты және әуе өткелдері бойынша су деңгейінің едәуір артуы байқалатын учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылған.

19 сәуір, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.