Атырау, 1 мамыр 06:34
 бұлттыВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырау полициясының арнайы жасағындағы анонимді шағым: бұл алым-салық емес, ақшалай көмек

391 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Әлеуметтік желіде тағы да Атырау облыстық полиция департаментінің СОБР (арнайы жедел әрекет ету жасағы) қызметкерлерінің басшылары тарапынан алым-салық жиналатыны жөніндегі шағымы жазылған аудиожазба мен хаты тарады. Мұндай хат редакция поштасына осымен екінші рет келді. Ведомстволық органдарға сауал жолданғаннан кейін ақша жинау дерегі іс жүзінде болғаны белгілі болды. 

Еске салсақ, 2023 жылдың қазан айында әлеуметтік желіде анонимді авторлардың айтуынша аудиожазба мен хат пайда болды, бағынышты қызметкерлерден үнемі түрлі желеумен 20-30 мың теңгеден және тағылымгерлерден 5 мың теңгеден ақша жинап алатынын растаған аудиожазба мен хат пайда болған еді. Сонымен қатар қол астындағылар полиция полковнигі Ж.ШӘРІПОВ пен оның орынбасары, полиция подполковнигі Марат МУКЕШЕВ, рота командирі полиция майоры Нұрсайын НҰРҚАСИМОВ пен взвод командирлерін әділетсіз деп айыптады: «...Өз айналасына жақын қызметкерлер мереке сайын медальдар мен мақтау қағаздарын алады, ал қалғандарына түк те жоқ. Жұмысқа мүлде келмей, жалақы алып отырған 10 шақты қызметкер бар. Солардың орнына жұмыс істеуге тура келеді. Әрбір взводқа өз адамдарын командир қылып қойған. Жақында рота командирі мен оның орынбасары лауазымына бос орын ашылды, бірақ бұл орындарға әдеттегіше өз адамдары барып жатыр» делінген хатта. Бұл сөздерден бөлек, хатқа жалғанған шағымда ҚР ІММ Ішкі қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман САДАНОВТЫҢ атына арнайы жасақтың аты-жөні белгісіз қызметкерлері аталмыш тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғап, тексеру үшін ІІМ Ішкі қауіпсіздік департаментінің бір топ қызметкерін Атырауға жіберуді сұраған.

Сол кезде 2023 жылдың қазанында «АЖ» сауалына полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім ЕРДӘУЛЕТ «Кешенді тексеру жүргізілді, оның барысында арнайы жасақтың бірде-бір қызметкері мұны мойындамады және хатта, аудиожазбада айтылғандарды растамады. Сондай-ақ, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін хабарлаймыз» деген еді.

«AЖ» редакциясының поштасына дәл осындай мазмұндағы анонимді хат қайтадан келмегенде, хикая осымен аяқталар еді.

«АЖ» Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат ОРАЗБАЕВ пен Ішкі істер министрі Ержан СӘДЕНОВТІҢ атына қайтадан сауал жолдады. Атырау облысы ПД имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар басқармасының басшысы М.Ердәулеттің жауабында 2024 жылдың 9 сәуірінде қызметтік тергеу тағайындалғаны айтылған.

Поштаға келген аудиожазба да, хат пен қазіргі құжаттар да бірдей болып шықты. Жазба 2021 жылғы пандемияның сәуір айының соңында СОБР жеке құрамын жасақтау кезінде жасалған.

Қайта тексеру кезінде СОБР қызметкерлері 2021 жылдың 27 сәуірінде СОБР аға инспекторына ақша жинағаны анықталған. Бұл ковид індетінен қайтыс болған полиция полковнигі Ж.Шәріповтың әкесін жерлеуге материалдық көмек ретінде өз еркімен 5 мың теңге көлемінде бір рет жинаған ақша болған.

Сол кезде жиналған қаражаттың жалпы сомасы 429 мың теңгені құраған. Оған қаражат қолма-қол ақша түрінде берілгені хабарланды.

Қазіргі уақытта аталған бөлімше қызметкерлерінің моральдық-психологиялық ахуалын анықтау мақсатында департаменттің инспектор-психологтарымен арнайы сабақтар өткізілген. 

Сондай-ақ, ҚР ІІМ баспасөз қызметі қазіргі уақытта Атырау облысы полиция департаментінің жеке құрам бойынша инспекциясы Шәріповке қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын, оның қорытындысы бойынша оның әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады.  

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

18 сәуір, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.