Атырау, 2 мамыр 11:57
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Оралда салқын судың тоқтайтыны туралы ақпарат жалған

258 просмотра
Фото: freepik.com

Орал қаласында таяу уақытта сорғы стансасын су басатындықтан, салқын су беру тоқтатылатыны жөнінде жалған ақпарат тарап жатыр, де хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Батыс су арнасы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әлеуметтік желіде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат көптеп таралуда.

«Қазіргі таңда Орал қаласында сумен қамтуды және ағынды суларды бұруды қамтамасыз ететін барлық технологиялық жабдықтар қалыпты жұмыс істеуде. Орал қаласы 2 көзден – Жайық өзенінен және Орал жерасты су кен орнынан алынатын сумен қамтылады. Сорғы стансасы мен су тазарту құрылымдары кешені аумақтарын су басудан қорғау үшін бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілді. Орал қаласы тұрғындарын дүрбелеңге салынбай, ресми ақпаратқа назар аударуын сұраймыз», - деп хабарлады ведомстводан.
16 сәуір, 08:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.