Атырау, 2 мамыр 13:19
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Air Astana тобы Атыраудан ұшатын қосымша рейстер қосты

602 просмотра

Еліміздің батысындағы қатты су тасқынына байланысты Air Astana тобы Атыраудан әуе қатынасының қолжетімділігін арттыруды жалғастыруда, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.

. 9-18 сәуір аралығындағы Air Astana және FlyArystan рейстерінің кестесіне Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларына барлығы 33 қосымша рейс енгізіліп, тасымалдау сыйымдылығы 5800 орынға дейін артты. Сонымен қатар, топ осы кезең аралығында өзінің 62 тұрақты рейсін де орындайды.

Air Astana 9-15 сәуір аралығында Атыраудан Алматыға қосымша 8 рейс, сондай-ақ 13, 14, 15 және 17 сәуірде Атыраудан Астанаға қосымша 5 рейс жасайды. FlyArystan 10-14 сәуір аралығында Атыраудан Астанаға қосымша 6 рейс, 11-18 сәуір аралығында Атыраудан Ақтауға қосымша 13 рейс және 14 сәуірде Атыраудан Шымкентке 1 қосымша рейс орындайды.

Ұшу кестесі мен билеттер әуекомпаниялардың ресми сайттарында жарияланған. Таңдалған күндерде әуе билеттер қалмаған жағдайда, басқа күндерді қарауды сұраймыз. Air Astana ішкі бағыттардағы әуе билеттерінің құнын көтермегенін тағы да баса айтады.

Air Astana тобы аймақтағы жағдайды мұқият қадағалап, отандастарымыздың жайлы әрі қауіпсіз сапар шегу үшін рейстерді одан әрі арттыру мүмкіндігін іздестіруді жалғастырады.

12 сәуір, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.