Атырау, 9 мамыр 15:10
 ашықВ Атырау +11
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Облыстың екі ауданында сайлау өтіп жатыр

388 просмотра
Сурет: gov.kz

2024 жылғы 31 наурызда Исатай және Құрманғазы аудандарында мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына 3 сайлау округінде дауыс беру басталды (Исатай ауданында №6, №10, Құрманғазы ауданында №3 сайлау округтері), деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Аудандық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 07.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 4 сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті. Сайлаушылар тізіміне 5997 азамат енгізілді.

Дауыс беру кезінде мүгедектігі бар сайлаушылар үшін жағдайлар жасалған. Сайлау комиссиялары материалдық-техникалық жабдықтармен, методикалық құралдармен толықтай қамтамасыз етілген. Сайлау заңдылықтарға сәйкес өткізілуде, арыз-шағымдар тіркелмеген.

Дауыс беру сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден    20.00-ге дейін сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайда өткізіледі.

31 наурыз, 18:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.