Атырау, 9 мамыр 02:54
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Атырау облысының тұрғыны киіктің 600 мүйізімен ұсталды

616 просмотра

Орал қаласында полиция қызметкерлері шамамен 600  киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Батыс-Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер  «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында автокөлікті тоқтатты. Жүргізушісі Атырау облысының тұрғыны екені анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

29 ақпан, 08:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.