Атырау, 19 сәуір 00:07
 ашықВ Атырау +24
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Елубаев мырза, бұл - заңға қайшы!

1 861 просмотра

Орхусс конвенциясын сақтау мәселелері бойынша халықаралық комитет (штаб-пәтері Женевада орналасқан) Қазақстанда өз ережелері сақтамай отырғаны жөнінде төртінші рет мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, Орхусс конвенциясын (толық атауы – Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша ақпараттардың қолжетімдігі, осы мәселелерді шешу үдерісіне және сот төрелігіне жұртшылықтың қатысуы туралы конвенция) Қазақстан 2000 жылы ратификациялаған болатын.

Конвенция ережелерінің бұзылуы алғаш рет 2005 жылы жарияланған – «Зеленое спасение» экологиялық қоғамы Қазатомпромның ақпараттар бермегені туралы арызданған. Содан бері конвенция үш рет бұзылды, мұндай жағдай 2013 жылы да орын алды. Әңгіме жұртшылықты уақытылы және тиімді ақпараттандыруды талап ететін 6-бап туралы болып отыр.

Атырауда Орхусс конвенциясын сақтау турасына келсек, экологтар ірі жобалар бойынша ақпараттар жұртшылық тыңдауы болар алдында екі күн бұрын беріледі, ал тыңдау өткізілетіні жөнінде жұртшылыққа ұйымдастырушылар басталуға 15 минут қалғанда хабарлайды деп талай әңгіме көтерген. Бұл, мысалы, жақында болған «Қазақстан – Қытай мұнай құбыры құрылысының екінші кезеңінің екінші кезегі. Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл» жобасының қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша жұртшылық тыңдауына қатысты.

Келесі жағдай – ТШО-да жақында болған жыл сайынғы құқықтық конференцияда Қазақстанның мұнай және газ саласы заңгерлері қауымдастығының президенті, «Шеврон» корпорациясының құқықтық кеңесшісі Жұмагелді ЕЛУБАЕВТЫҢ (суретте) мәлімдемесі. Ол жұртшылық тыңдауларына «біліксіз, «көшеден келген» жұртшылықтың» (дәйексөз) қатысуына қарсы болған.

Атыраулық «жасыл белсенділердің» пікірінше, Елубаевтың мәлімдемесі Орхусс конвенциясына («Әр тарап қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау үдерісіне жұртшылықты қатыстыруды қамтамасыз етеді»), ҚР Конституциясының 4-бабына («Республика ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдары алдында басымдыққа ие және тікелей қолданылады») және жеке тұлғаларға қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысуына құқық беретін ҚР Экологиялық кодексінің ІІ тарауы 13-бабына қайшы келеді.

Соңында Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 28.06.2007 күнгі №204-п нұсқаулығына назар аударсақ, онда «қоғамдық пікірді есепке алу қоршаған ортаға қатысты мәселелер материалдарын дайындау мен талқылауға жұртшылықты қатыстырумен қамтамасыз етіледі және оны шаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыратын тапсырыс беруші ұйымдастырады» деп көрсетілген.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.